ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Қытайдағы «人民日报 People's Daily» басылымына сұхбат берді

Димаш Құдайберген Қытайдағы «人民日报 People’s Daily» басылымына сұхбат берді

Dimash World Димаш Құдайберген Қытайдағы «人民日报 People's Daily» басылымына сұхбат берді

Димаш Құдайберген Қытайдағы «人民日报 People’s Daily» басылымына сұхбат берді

 

19 маусымда Қытайдың ең беделді басылымдарының бірі «人民日报 People’s Daily» / «Жэньминь жибао» қысқаша бейне сұхбатын жариялады. Онда Димаш Құдайберген Қытай мен Орталық Азия арасындағы достық қарым-қатынас туралы сұхбат береді:

«Мені көбісі сахнадан таниды. Мен Қазақстанда музыкант отбасында дүниеге келіп, әннің ортасында өстім. Әйтсе де, бір күні менің дауысым қарлы таулар мен ұлан-ғайыр даланы асып, Қытай еліне дейін жетеді деп еш ойламаған едім.
Жанкүйерлерімнің көзіндегі ұшқынды көріп, мен музыканың тілдік кедергілерді шынымен жоя алатынына көзім жетті.
Осы жылдар ішінде мен музыка арқылы Орталық Азия мен Қытай арасындағы достық көпірін одан әрі бекіту мақсатында, ерекше мағыналы жұмыстар атқардым. Қытай әндерін үйреніп, қытайлық эстрада шоуларында өнер көрсету арқылы мен қытайлық достарыммен сыйластығымды арттырамые деп үміттенемін.
Менің ең ұмытылмас тәжірибемнің бірі президент Си Цзиньпиннің алдында өнер көрсету болды. Содан музыканың өнер ғана емес, жүректерді байланыстыратын көпір екеніне көзім жетті.
Кейбіреулер мені «мәдениет елшісі» деп атайды, бірақ мен 90-шы жылдары туған, жай ғана ән айтқанды жақсы көретін жігітпін. Егер менің әндерім қытайлық достарымызға Қазақстан мен Орталық Азия туралы көбірек тануға ​​көмектесіп, Орталық Азия халқын Қытай мәдениетіне жақындата алса, бұл мен үшін ең керемет дүние болмақ.
Менің елімде Қазақстан мен Қытай музыканттарының жақсы-жаман күнінде достықтың символына айналған Сиань Синьхай көшесі бар.
«Қытай-Орталық Азия» атты екінші саммит Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы алмасу мен ынтымақтастықтың жаңа бастау нүктесі болып табылады. Мен өз әндерім арқылы Орталық Азия мен Қытай халқының арасындағы достық көпірін одан әрі бекіте түсемін деп үміттенемін».

2025 жылдың 17 маусымында Астанада «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті аясындағы іс-шараларда Қазақстан мәдениеті шеберлерінің үлкен концерті өтті.

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген ҚР Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің сүйемелдеуімен қазақ және қытай тілдеріндегі композицияларын ұсынды.

Танымал «茉莉花» / «Jasmine» қытай әні Аспан империясы мәдениетінің өзіндік символы болып табылады. Оны орындау үшін тек ең құрметті әртістерге ғана сеніп тапсырады.

Димаш бұдан бұрын Қытайдағы Spring Gala Festival 2018, Sing New Era 2019, «Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік» 2020 шоуы, Spring Festival CCTV «Музыканың жаңа эрасы» 2020, Spring gala festival 2023, Silk Road International Film Festival 2023 сияқты фестивальдер мен мерекелерде бірнеше рет осы шығарманы орындау құрметіне ие болды.

Қазақстан астанасындағы Тәуелсіздік сарайының сахнасынан дәл осы ән көрші жатқан елдің мәдениетіне деген шексіз құрмет пен алыстан келген қонақтарға тарту іспетті болды.

Димаштың концертте орындаған екінші композициясы да халықаралық деңгейде танылды. Өткен жылдың соңында Димаш пен қытайлық әнші Гун Линна қытайлық BRTV телеарнасының «最美中轴线 Singing for the Central Axis of Beijing» жобасы үшін ежелгі мәтіндер негізінде жазылған қазақтың халық әні «Қараторғай» мен қытайдың «凤皇 Phoenix» әнінің бірлескен жиынтығын жасады.

Концертте Димаш пен Гун Линна қазақтың сүйікті құсы қыран Қараторғай мен Қытай ұлтының рухани тотемі, аты аңызға айналған құстардың патшасы Феникс туралы ән шырқап, дуэт жасады.

Соңғы жаңалықтар

Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» – Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой опера театрында эксклюзивті концерт берді

6 шілдеде Вьетнам астанасында Испания, Латвия және Қазақстанның үш вокалдық өнер шеберінің ерекше концерті өтті. Ho Guom операның екінші...

Димаш Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінде болды

Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды. Құрметті...

Димаш Ханойға “Хо Гом” театрының концерттік бағдарламасына қатысу келді

2025 жылдың 4 шілдесінде Димаш Құдайберген Вьетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласы келді. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың...

Димаш Құдайберген испандық «La Voz de Galicia» басылымына сұхбат берді

Испаниялық журналист және Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсиа Галисиядағы ең көп таралатын күнделікті газетте қазақстандық әншінің сұхбатын төмендегіше ұсынады: «Бүкіл әлемді...

Димаш пен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубына Вьетнамның танымал радиосы өзінің шығарылымын арнайды

2025 жылғы 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоканалы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубының қызметіне...