ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Венгрия премьер-министрінің резиденциясында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Венгрия премьер-министрінің резиденциясында өнер көрсетті

Dimash World Димаш Құдайберген Венгрия премьер-министрінің резиденциясында өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Венгрия премьер-министрінің резиденциясында өнер көрсетті

20 қарашада Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанның кеңсесі орналасқан ғимаратта Қазақстан Президентінің мемлекеттік сапары құрметіне салтанатты қабылдау өтті.

Шараға ел делегациясы құрамынан барған Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайберген қатысты.

Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан өзінің ресми парақшасында Димаш пен Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен суретін жариялап, әнші туралы «Будапешттегі әлемге әйгілі қазақ жұлдызы» («A world-renowned Kazakh star in Budapest») деп жазды.

Димаш Құдайберген еліміздің мәдениет елшісі ретінде құрметті қонақтарға қазақтың халық әні «Самалтауды» ұсынса, композитор Игорь Крутойдың «Аве Мария» вокалын орындау арқылы музыканың адамзатты қалай біріктіретінін сөзсіз көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...