ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің «Love's Not Over Yet» әні халықаралық музыкалық...

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні халықаралық музыкалық рейтингтердің қатарында

Dimash World Димаш Құдайбергеннің «Love's Not Over Yet» әні халықаралық музыкалық рейтингтердің қатарында

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні халықаралық музыкалық рейтингтердің қатарында

Бір ай бұрын, 7 наурызда әлемдік музыка алаңдарда Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love’s Not Over Yet» әнінің премьерасы өтті. Ән әлемнің көптеген елдерінде тыңдалып, түрлі музыкалық хит-парадтар мен рейтингтерге енді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен 120 миллионнан астам трекке қол жеткізуге мүмкіндік беретін француздық Deezer музыкалық ағынды платформасында «Love’s Not Over Yet» Венгриядағы ең көп тыңдалған 100 әннің қатарына енді.

Чехияның OCKO.TV музыкалық арнасы Димаштың жаңа әнін премьерадан кейін бірден Топ-20 үздік әндердің қатарына қосқан болатын. Сондай-ақ, бұл композиция үш аптадан бері Ocko Chart рейтингінде бірінші орында тұр.

Radio Olsztyn S.A. – 1952 жылы негізі қаланған Польшадағы аймақтық қоғамдық радиостанция да дауыс беру тізіміне «Love’s Not Over Yet» әнін енгізіп, жаңа туынды бірден рейтингте бірінші орынға ие болды.

L’Opinionista итальяндық ұлттық ақпараттық және талдау газеті 2025 жылдың наурыз айындағы «Songs of Moment» хит-парадының нәтижелерімен бөлісті:

«Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 2025 жылдың наурыз айындағы халықаралық заманауи музыкаға арналған хит-парадтың көшін бастады.
«Love’s not over yet» әнін екі Грэмми сыйлығының иегері, продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьеф бастаған халықаралық топ талантты әртістің дауысын барынша көрсету үшін арнайы жазған болатын. Сондай-ақ, авторлар құрамында: Доминик Борс пен Флавиен Компаннон — композиторлар болса, Девон Грейвс — әннің сөзін жазған.
Бейнебаян көрермендерін бірден өзіне баурап алады. Видеоның алғашқы сюжеттерінен-ақ, махаббат хикаясы баяндалып, батылдық, әйел баласына және отбасына деген құрмет пен адалдық сияқты құндылықтарды көрсетеді. Ал бейнебанның соңы көрерменінің жан-дүниесін баурап алып, видеоның жалғасы болатыны туралы әсер қалдырады…».

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...