ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі фан-клубы

Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі фан-клубы

Dears Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі фан-клубы

Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі фан-клубы

Фан-клубтар – сүйікті әншісін қолдау мақсатында фанаттардың бас қосатын керемет шағын ордасы. Уақыт өте олар достасып қана қоймай, бір отбасының мүшелеріне айналып кетеді. Бүгін Сіздің назарыңызға Димаш Құдайбергеннің Мәскеудегі фан-клубы туралы мәліметті ұсынамыз.

«MoscowDears» тарихы 2018 жылдың қазан айынан басталады. Сол күні Еуразиялық фан-клубтың шағын мәскеулік тобы Димашты Ресей астанасының әуежайынан күтіп алған болатын. Әртіс ІІМ күніне орай өткен концертке қатысқан еді.

Шағын болса да алғашқы кездесу естен кетпестей ерекше мейіріммен, жылылықпен өтті. Әуежайда жанкүйерлер сүйікті әншілерін көріп қана қоймай, пікірлестерімен кездесіп танысып үлгерді. Бір-біріне ыстық ықыласты сезінген жанкүйерлер осы сәтті есте ұмытылмастай етіп сақтап қалғысы келген тәрізді. Осылайша, Димаштың Мәскеудегі тыңдармандарының шағын чаты пайда болды. Көріп отырғанымыздай, қазақстандық орындаушы расымен де адамдарды біріктіреді. Бұл миф емес.

Димаш «Любовь уставших лебедей» әнін жоғары деңгейде орындап шыққаннан кейін мәскеулік Dears сүйікті әншілерімен қимай қоштасты. Алайда көп күттірмей жанкүйерлері Димашпен қайта қауышты. Араға бір ай салып олар «Жыл әні 2018» фестивалінде кездесті. Сол кеште әншінің Кремльде жеке концерті өтетіні туралы хабарландыру жасалды. Міне, ғажап!

Өз кезегінде, Димаштың фанаттар үйінде жанкүйерлермен концерт алдында кездесу ұйымдастыратын дәстүрі(pre-party) пайда болды. Мәскеулік Dears өзге қалалардағы және шетелдік фанаттармен бірлесе отырып, арнайы жарықтар сатып алып, концерт басталмас бұрын көрерменге үлестірді, сонымен бірге қонақтарға қаладағы әдемі, ерекше нысандар туралы мәліметтер таратты.

Осындай бірлесіп атқарған жұмыс фанаттарды одан сайын жақындата түсті. Содан бері мәскеулік Dears отбасы Димаштың Ресейдегі барлық концертіне атсалысып келеді. Әрине, Димаштың Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Арнау» жеке концертін де өткізіп алмады, мәскеулік жанкүйерлер өз күшімен Қазақстанның астанасына ұжымдық сапар ұйымдастырды.

Концерт жоғары деңгейде өтті. Мәскеуге фанаттар ұшан-теңіз позитивті эмоциямен, ұмытылмас әсермен және жарқын естеліктермен оралды. Тіпті, осы қуанышпен өзгелермен бөлісу жөнінде ой пайда болды. Сөйтіп, Instagram-да «MoscowDears»парақшасы ашылды, ол жерде, әрине, әншінің шығармашылығы, суреттері, фан-видеолар жарияланады.

Дәл осы парақшада алғаш рет Димаштың әндері мен фильм кадрларынан монтаждалған әзіл видео жария етілді. Тәжірибе ретінде Стивен Спилбергтің «Үшінші деңгейдегі жақын байланыс» фильмі мен Димаштың орындауындағы «Olympico» әнінен жинақталған ролик 2019 жылдың шілде айында жарияланды. Одан кейінгі роликтерде «Немоны іздеу», «Супермен», «Титаник»және тағы басқа фильмдер мен мультфильмдер қолданыла бастады.

Шуақты Қазақстандағы «Арнау» концертіне сапары «MoscowDears»тобына ерекше әсер сыйлаған болу керек, олар Димашпен бірге Сочидегі «Жаңа толқын» фестиваліне, Минскідегі Еуропалық ойындардың ашылуына, Димаштың Санкт-Петербург, Краснодар, Қазан, Екатеринбург, сонымен бірге, әрине, Мәскеудегі жеке концерттеріне қатысты.

Әншінің Санкт-Петербургте өткен концертінен кейін «MoscowDears» тобы YouTube желісіндегі өздерінің каналын ашты. Онда фанклиптер, концерттен фанкамдар, влогтар, репортаждар, Димаштың айналасындағы қызықты адамдармен сұхбаттар жариялап, алған әсерлерімен бөлісе бастады.

«MoscowDears» – Димаштың көңілді, белсенді және жаңашылдыққа жаны құмар жанкүйерлері. Олар барлығына көтеріңкі көңіл күймен қарайды, Димашты жақсы көреді және оны кез келген жағдайда қолдауға дайын!

Соңғы жаңалықтар

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...

Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген қызығушылық француздық жанкүйерлер Надин Пьерро мен Садрин Байи үшін Қазақстанмен жақынырақ танысуға, сондай-ақ екі ел...

Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері болды

29 тамызда Қарағанды қаласының Жаңа алаңында Кеншілер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өтті. Аталмыш шарада мыңдаған қала тұрғындары мен...