ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш «Virtuosos» жобасында. Екінші күн. Қазылар алқасы мүшелерінің жұмысы

Димаш «Virtuosos» жобасында. Екінші күн. Қазылар алқасы мүшелерінің жұмысы

Dimash World Димаш «Virtuosos» жобасында. Екінші күн. Қазылар алқасы мүшелерінің жұмысы

Димаш «Virtuosos» жобасында. Екінші күн. Қазылар алқасы мүшелерінің жұмысы

28 қаңтарда Будапешттегі жас таланттар байқауы түсірілімінің екінші күнінде шоуға қатысқан әр елдің екінші жұптары өнер көрсетті. Түсірілім басталмас бұрын Димаш әріптестерімен әңгімелесіп, жобадан алған әсерлерімен бөлісті.

Кіші Иштван Вардай, виолончельші, Ференц Лист сыйлығының лауреаты, көптеген беделді марапаттардың иегері, профессор, Вена музыка және бейнелеу өнері университетінің виолончель кафедрасының меңгерушісі:

«Virtuosos» байқауының кезекті шоуын асыға күтеміз». Біз Димашпен бірге осы фантастикалық талантты жастарды қолдауға барынша тырысамыз. Кеше біз көптеген керемет таланттарды көріп, ұмытылмастай әсер алдық»,- деп өз пікірін білдірді.

Қытайлық әнші Иньуо Ванг жоба командасының бір мүшесі болғанына ерекше бақытты екенін айта келіп:

«Венгриядағы халықаралық «Virtuosos»телешоуына қатысқаныма және осындай әлемдік деңгейдегі музыканттармен жұмыс істегеніме өте қуаныштымын. Мен Димашпен бір командада жұмыс істеп жатқаныма бақыттымын. Бүгінгі күнді асыға күтеміз»,- деп сөзін аяқтады.

Жобаның атмосферасы жылылығымен, позитивтілігімен ерекшеленеді. Сахна артында әртістер көңіл көтеруге де уақыт тауып жатады. Мысалы, Димаш түсірілім павильонының фойесінде шоу продюсері Марианна Пеллермен сөйлесіп жатып, неліктен ол жерде Хаузердің ғана суреті болып, оның фотосы тұрмағандығын әзілдеп сұрады.

Осы кезде Хаузер өз YouTube арнасында тікелей эфирде отырғанда оған мынадай сұрақ қойылды: «Сіз Димашты өз концертіңізге қатысуға шақырар ма едіңіз? Екеуіңіз де кереметсіздер!»

«Рақмет сізге! Әрине, қуана-қуана! Оның дауысы бұл әлемнен тыс тұрған адам сенгісіз кереметтің бірі. Оның ең төменгі нотадан ең жоғары нотаға дейінгі диапазоны тіпті ерекше. Біз екеуміздің дуэтіміз, менің ойымша, өте тартымды, ерекше болары сөзсіз. Себебі екеуміз де театрланған қойылымдарды жақсы көреміз, музыканы бірдей түсініп, бірдей сезінеміз. Сондықтан бізден тамаша комбинация шығады деп ойлаймын», – деп жауап берді Хаузер.

DimashNews редакциясы кіші Пласидо Домингомен «Virtuosos» жобасы туралы сөйлесті

Жалпы жоба туралы, жобаның осы уақытқа дейінгі даму кезеңі туралы не айтасыз?

Бұл менің «Virtuosos» жобасындағы төртінші жылым. Мен алғашқыда жобаның негізгі бастамашы композиторымен бір командада болдым. Содан кейін бір жыл тәлімгер болдым. Ал өткен жылы қазылар алқасының мүшесі болдым. Сөйтіп, Димашпен бірге Майкл Джексонның «Heal the World» әнін бірге орындау бақытына ие болған едім. Биыл қуанышқа орай мен қазылар алқасының мүшесі болып қайта оралдым.

Биылғы қатысушыларды қалай сипаттар едіңіз, олардың дарынды туралы не айтар едіңіз, бұл жолғы сайыста өз фавориттеріңіз бар ма?

Барлық аспапшылар туралы айтатын болсақ, әрине, олардың әрқайсысы өз алдына дарынды, тіпті сенсация дер едім. Менің ойымша, сайыстың деңгейі жыл өткен сайын өсіп келеді. Бір ғана тілегім, қатысушылардың жастары бір-бірімен қатарлас болса екен дер едім.

Димаштың жанкүйерлері мен Димаштың өзіне бірер тілек айта аласыз ба?

Әрине. Димашпен жұмыс істеу әрқашан бір ғанибет. Ол өте талантты және тамаша адам. Маған оның әншілік қыры мен әртістік қыры қатты ұнайды. Димашты екінші рет көргеніме өте қуаныштымын. Мен оған өз мансабында үлкен жақсылықтар мен жетістіктер тілеймін. Қазақстанға үлкен сәлем!

***
Жоғары кәсібилік пен сенімділікке қарамастан, қазылар алқасының мүшелері үшін әділ бағасын беру оңай емес. Өйткені жас музыканттардың шығармашылық тағдыры белгілі дәрежеде олардың шешіміне байланысты.

«Мен дәл осы жерде болғаныма әрине, өте қуаныштымын, алайда қобалжу да бар. Өйткені 10 жыл бұрын мен дәл осы сайыскерлердің күйін кешкен болатынмын. Менің әлем бойынша көптеген жарыстарға қатысқанымды білесіздер, сол себепті қатысушылардың не сезінетінін де жақсы білемін. Сәттілік серік болсын! Алла баршаңызға жар болсын.

Ал бүгін менің арманым орындалып жатқан күн. Себебі, менің кумирлерім, аты аңызға айналған Хосе Каррерас пен Пласидо Доминго және басқа да аңызға айналған музыканттармен бірге қазылар алқасының мүшесі ретінде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болдым. Мен артымыздан еріп келе жатқан жас ұрпаққа қолымнан келгенше көмегімді аямауға тырысамын. Барлығына сәттілік!», – деп Димаш байқаудың жас қатысушыларына өз қолдауын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті

11 шілдеде Қазақстанның Алтай тауларының етегінде «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі халықаралық гала-концертпен аяқталды. Катонқарағай ауылының үлкен сахнасында...

Димаш Құдайберген Катон-Қарағай ауданына музыкалық фестивальге қатысу үшін келді

10-11 шілде күндері Қазақстандағы Катонқарағай ауданында «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық музыкалық фестивалі өтуде. Фестивальге Қырғызстан, Өзбекстан,...

Бельгия радиостанциялары Қазақстан мен Димашқа арналған эфирлерде Ұлттық домбыра күнін атап өтті

Шілде айының алғашқы жексенбісінде Қазақстанда Ұлттық домбыра күніне орай Бельгияның бірден екі радиостанциясы өз эфирлерін осы мерекеге және Димаш...

Чилилік Dears Димаштың Чилиге алғашқы сапарына арналған музыкалық тарту әзірледі

Чилидегі Димаштың жанкүйерлері өнер иесінің көптен күткен алғашқы сапарына орай ерекше шығармашылық жоба дайындады.  https://www.youtube.com/watch?v=3kd-dgeJmZ0 Жобаны жүзеге асыруға Чилидің әртүрлі қалаларынан...

Димаштың Нью-Йорктегі фан-клубы Қазақстанның Бас консулдығынан алғыс грамотасын алды

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерін біріктіретін New York Dears жанкүйерлер қауымдастығына Нью-Йорктегі Қазақстан Республикасының Бас консулдығының алғыс грамотасы табысталды. Марапатты Қазақстан...