Димаш және Еуразиялық фан-клуб Dear-лары туралы сайт

1091

Димаштың шығармашылығымен алғаш танысқан dear-лар бірнеше ай бойы ол туралы ақпаратты іздеуге кірісіп кететінін айтады. Іздеу жүйесіне «Димаш» деп жазған бойда ғаламтордағы қазақстандық жас әншіге қатысты көптеген бейне-ролик, мақалалар, әлеуметтік желідегі топтар еріксіз еліктіреді. Әр ресурс өзінше қызықты. Себебі олар ізденушіні Димаш Құдайберген атындағы музыкалық феноменмен таныстыруға бағытталған.

Димаштың еуразиялық фан-клубындағы  жанкүйерлері де төрт жыл бойы барлық әлемдік әлеуметтік желіде жұмыс істеп келеді. Бірақ Димашқа және оның шығармашылығына арналған өз сайттарын жасау мүмкіндігі жуырда жүзеге асты.

Достар, біз сіздерге https://dimash-efc.ru/ сайтына шағын экскурсия ұсынамыз. Онда өзекті және мұрағаттық бейнелер, жаңалықтар контенті, сондай-ақ ЕФК шығармашылық ұжымының эксклюзивті материалдары жинақталған. Әрқайсыңыз ол жерден тың және қызықты мағлұмат таба аласыз деп үміттенеміз.

ДИМАШ ТУРАЛЫ

Димаш. Әнші үшін ең маңыздысы не? Әрине, оның музыкасы: «iD» альбомы, «Бастау» жеке концертінің нөмірлерінің жазбалары. Клип, музыкалық бейне, саунд-тректер. Бұл туралы ресми ақпараттарды сайттан тікелей сілтемелер арқылы көруге және тыңдауға болады.

Егер сіз Димаштың қатысуымен өтетін іс-шараға немесе оның жеке концертіне билет сатып алуды жоспарласаңыз, интернеттегі сенімсіз дереккөзден іздеуге болмайды. Билеттердің ресми сатушыларына апаратын сайттағы сілтемелерге өтсеңіз болғаны.

Өмірбаяны. Димаш өте жас болғанына қарамастан, бала кезінен оның өмірі маңызды оқиғаларға толы болды. Оны толық сипаттау үшін кітап жазу керек болар. Бір кездері әншінің жанкүйерлері бұл істі қолға алуы мүмкін. Ал әзірге ЕФК сайтында Димаштың әнші ретінде қалыптасуы, оның өмір жолының негізгі кезеңдері туралы оқуға болады.

Марапаттар. Алғашқы марапатты кішкентай Димаш 6 жасында жеңіп алды. Бұл «Айналайын» республикалық балалар байқауы. Сайыста «Фортепиано»номинациясы бойынша жеңіске жетті. Содан бері түрлі конкурс, рейтинг, фестивальдардағы марапаттар мен сыйлықтар қазақ әншісінің шығармашылық жолынан азайған жоқ.

КОНЦЕРТТЕР

ЕФК-ның көптеген dear ұжымы Димаштың жеке концерттеріне қатысу мүмкіндігіне ие болды. Бастау, Д-Династия, Арнау – бұл таңғажайып шоулардың әрқайсысы көрерменнің жадында мәңгі сақталады. Жанкүйерлердің пікірлері мен ресми деректерді негізге ала отырып ЕФК редакторлары Димаш ән шырқаған кезде сахнада және залда болған әсерлерді сипаттап көрсетеді. Қазақ ұлы Димаштың барлық концерттеріне қатыса алмағандар сайттан ең жақсы фотосуреттер мен фанкамдарды көре алады. Олардың көпшілігін Мәскеудің – Moscow Dears өкілдері тобы түсірді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Димашқа қатысты барлық оқиғалар сайтта жыл және ұсынылатын материал түріне байланысты орналастырылады. Бұл жерден сіздер Димаш туралы, оның шығармашылық өмірі. Онымен бірге жүретін адамдар мен оқиғалар туралы сұхбат, мақалалар, репортаждар, телевизиялық жазбалар, пікірлер таба аласыздар. Сайттағы барлық ақпарат тек сенімді дереккөздерден алынған.

ӘН ТАРИХЫ МЕН АУДАРМАЛАР

Димаш әрбір  әніне ерекше әр беріп, мағынасын жеткізе орындайды. Сондықтан оның жанкүйерлерін  оның әні не жөнінде, шығу тарихы қандай, авторлары кім екендігі қызықтырады. Димаш түрлі тілде ән салады. Әннің ішкі әлемі, оның мәні мен орындаушының  эмоциялары барынша түсінікті болуы үшін дұрыс аударманы таңдау маңызды. Димаштың әндері көп. Оның аудармалары көп жұмысты қажет етеді. Сондықтан сайттың бұл бөлімі дайын аудармалармен толықтырылады.

TIMELINE

Егер сіз Димаш туралы қаізргі уақыттағы ақпарат алғыңыз келсе, онымен байланысты оқиғалардан хабардар болғыңыз келсе сайттың Димаштың есімімен байланысты барлық іс-шаралар хронологиясына арналған бөліміне кіріңіз. Егер сіз оқиға туралы көбірек білгіңіз келсе, белсенді сілтемеге өтіп, ресми ақпарат көзіне түсесіз.

DEAR-лар

Dear-лар фандомының атауы қалай пайда болды? Димаштың жанкүйерлер қауымдастығы қашан және қандай жағдайда құрылды? Олар Еуразиялық фан-клубқа қалай жиналды? Бұл сұрақтың барлығына жанкүйерлерге арналған сайт тарауынан білуге болады.

Еуразиялық фан-клубтың құрылғанына 4 жылдығына арналған видеодан клуб тарихы, қандай міндеттерді атқарып, dear-лардың үлкен қауымдастығы қалай дамып жатырғанын байқауға болады. https://youtu.be/vKHdug1qfxk

ЕФК

Сұхбат. ЕФК Димаштың шығармашылығымен шектелмейді. Онымен бірге жұмыс істейтін кәсіби мамандар, өзі қатысатын жобалар туралы да әңгімелейді. Бұл жұмыспен DK Media World efc редакторлары айналысады. Олар Димаштың жанындағы тамаша шығармашылық адамдары туралы, музыканттар, режиссер, ақын, спортшылар, фотографтар, стилисттер туралы мақалалар жазады. Сұхбат алады, подкасттар мен фильмдер жасайды. Клубтың веб-сайтында сіз Лилия Виноградова, Азамат Дулатов, Татьяна Навка және басқалар сияқты көрнекті тұлғалармен болған сұхбаттарды көре аласыз.

Мақалалар. Көптеген dear-лар Димаштың шығармашылығына бойлай отырып, оның өз Отанына, халқының дәстүріне деген ерекше құрметі мен көзқарасын бірден түсінеді. Осыдан кейін жанкүйерлердің  Қазақстан, қазақ елінің әдет-ғұрыптары, халықтық музыкалық аспаптар туралы көбірек білгісі келеді. Жас әншінің тағдырында маңызды рөл атқарған адамдар туралы да ізденетіні жасырын емес. Мұның барлығы сайттың «мақалалар» бөлімінде.

Аудармалар. Димаштың жанкүйерлері әлемнің әр түпкірінде тұрады. Әр елдің өкілі. Олар сүйікті әншілерінің не туралы сөйлегенін, оның айналасында болып жатырған оқиғалар, БАҚ- да жазылған ақпараттарды білгісі келеді. Бұл тұрғыда ЕФК аудармашылар тобы көмекке келеді. Олар Димаш туралы материалдарды баршаға өзіне қолжетімді тілде барынша жылдам аударуға тырысады. Қазақ, орыс, ағылшын, неміс, итальян, испан тілдеріндегі аудармашылар бар. Сайттың бұл бөліміндегі бейне материалдарды оңай көру үшін арнайы субтитрлер бар.

Фан-клуб. Достар, біз ЕФК сайтының соңғы бөліміне  жеттік. Мұнда сіздер клуб ұйымдастырған қайырымдылық акциялары туралы біле аласыздар. «Нескучные новости» (қызықты жаңалықтар) командасы қалай жұмыс істейтіні, Еуразиялық фан-клубтың белсенді және заманауи Dear-лар өміріндегі көптеген қызықтардан хабардар боласыз.

ЕФК сайты – үнемі толықтырылып отыратын ресурс. Онда жаңалықтар контенті уақтылы орналастырылады.  Мұрағат парақтары кезеңмен толықтырылады.  Жаңартулардан хабардар болу үшін еске салатын жіберілімге жазылуға болады. Сондай-ақ, апта сайын Еуразиялық фан-клуб сайтында пайда болатын барлық жаңа материалдар туралы ақпарат алу мүмкіндігі мол.

Ендеше, қош келдіңіздер, достар!

 

Dimash Kudaibergen Eurasian Fan Club