ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш "Жаңа толқын 2021"фестивалінің ашылуында өнер көрсетті

Димаш «Жаңа толқын 2021″фестивалінің ашылуында өнер көрсетті

Dimash World Димаш "Жаңа толқын 2021"фестивалінің ашылуында өнер көрсетті

Димаш «Жаңа толқын 2021″фестивалінің ашылуында өнер көрсетті

19 тамызда Сочи Олимпиадалық саябағындағы New Wave Hall жарқын эмоциялар мен музыкалық толқында ашылды. Әдемі концерт залында «Жаңа толқын 2021» халықаралық танымал музыка орындаушыларының байқауы басталды.

«Жаңа толқын» фестивалі өз тарихын 2002 жылы бастады және көптеген жылдар бойы Ресей үшін ғана емес, бүкіл шығармашылық әлем үшін ең маңызды музыкалық оқиғалардың біріне айналды. «Жаңа толқын» теледидар аудиториясы 200 миллионнан астам адамды құрайды.

Биыл жарыстың финалында әлемнің 9 елінен 11 қатысушы бас жүлде үшін бақтарын сынайды. Байқауға қатысушылардың тағдырын Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Artik & Asti, Леонид Агутин, Дима Билан және Димаш Құдайберген сияқты заманауи музыка мамандары айқындайтын болады.

Фестивальдің ашылуының Гала-концертінде танымал әртістер мен жас жұлдыздардың орындауында танымал әндер де, соңғы премьералар да шырқалды. Кеш бойы стиль, дыбыс, сахналық құрылымы бойынша мүлде өзгеше қойылымдар көрермендердің қызығушылығын оятты.

Димаш 2020 жылғы 8 наурызда дизайнер Валентин Юдашкиннің мерейтойлық кешінде тұсаукесері өткен «Your Love» композициясымен өнер көрсетті. Композитор Игорь Крутойдың және Лара Фабианның өлеңіне арналған әні алғаш рет New Wave Hall-да шырқалды. Қойылым өзінің күтпеген бейнесімен таң қалдырып, шынайы махаббатқа жету үшін көп деңгейлі қиындықтар мен кедергілерді еңсеру қажет екендігін бейнеледі.

Әртістің басты тосын сыйы ақын Шарон Вонның өлеңіне Игорь Крутой жазған «Stranger» әнінің премьерасы болды. Алғаш рет «Жаңа толқын» сахнасында қобыз пайда болды. Неліктен ағылшын тіліндегі заманауи әнде ежелгі қазақ аспабы естіледі, осы әдемі Шығыс кроссовері қандай құпияларды жасырады, біз ол туралы толығырақ жеке мақалада айтатын боламыз.

Фестивальдің қызыл кілемінде Димаш өзінің досы Олжас Құрманбекті әлемнің үздік қобызшысы ретінде таныстырып, Қазақстаннан үлкен сәлем жолдады.

Жақында өзі қатысушысы болған қазіргі таңда қазылар алқасының мүшесі атанған Димаш өзінің қандай сезімде екені туралы жүргізушінің сұрағына жауап берді:

«Бұл менің қазылар алқасындағы алғашқы тәжірибем емес. Бұған дейін мен Қытайдағы «Super Vocal» жобасында, жақында «Славян базарында» жұмыс істедім. «Жаңа толқын» байқауында мен алғаш рет қазылар алқасының мүшесі ретінде өнер көрсететін боламын, бұл қуантарлық әрі жауапты сәт. Әрине, мен өз елімнің өкілдері үшін жанкүйер боламын, бірақ көмектеспеймін. Себебі конкурста принциптілік орнаған, соның арқасында конкурс көптеген жылдар бойы өмір сүріп келеді».

Гала-концерттің соңында сахнаға «Жаңа толқын» әнұранын бірге орындауға биылғы байқаудың барлық қатысушылары шақырылды.

«Жаңа толқын 2021» халықаралық жас орындаушылар байқауының салтанатты ашылу рәсімін 20 тамызда «Россия 1 / Россия 1 HD» телеарнасының эфирінен көріңіздер (уақытын телебағдарламадан нақтылаңыздар).

Соңғы жаңалықтар

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...