ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың алғашқы «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концерті қалай дайындалды

Димаштың алғашқы «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концерті қалай дайындалды

Dimash World Димаштың алғашқы «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концерті қалай дайындалды

Димаштың алғашқы «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концерті қалай дайындалды

16 қаңтарда Димаш Құдайбергеннің TIXR стримингтік платформасында алғашқы онлай-концерті өтті. DimashNews ауқымды сандық шоу құру туралы басылымдар сериясын бастайды.

«DIMASH DIGITAL SHOW» — қазақстандық әншінің әлемдік пандемия басталғаннан бергі алғашқы жаһандық қойылымы. Заманауи телевизиялық және виртуалды технологиялар біріктірілген онлайн-концертті ұйымдастыру барысында 140 адамнан тұратын интернационалдық команда еңбек етті.

Дайындық неден басталды?

Әлемдік пандемияға байланысты офлайн концерттердің болмауы жанкүйерлерге де, әншінің өзіне де қиынға соқты. Dears әншіге бірнеше рет онлайн режимінде өнер көрсетуін сұрады. Димашқа идея ұнағанымен, бірақ ол оны әдеттегі «карантиндік» форматта жасағысы келмеді. Ол жаңа, шынайы және ерекше нәрсені ұсынуға шешім қабылдады.

Алдағы жобаның бас режиссері Анна Обоянская болды.

«Біз көрермендерсіз, бірақ заманауи теледидар, компьютер және виртуалды технологияларды қолдана отырып, толыққанды жанды шоу жасағымыз келді. Бір сөзбен айтқанда — диджитал. Бұл термин мені қатты қызықтырды, ол әншінің есімімен тікелей байланысты сезінді. Осылайша, біз Димаш үшін концерттің жаңа компиляциялық форматын ойлап таптық, онда әрбір композиция – бұл дербес телебейнебаян немесе түрліше әсерлерді қолданатын телеқойылым. Барлық идеялар әртіс командасымен қашықтықтан талқыланды. Міне, тарихи күндердің бірінде Қанат Құдайбергенұлы Айтбаевтан қоңырау келіп: «Жасаймыз!»- деген жауап алдық. Содан процесс басталды.

Бағдарламаны жасау

Онлайн-концертті өткізу бекітілгеннен кейін бағдарламаны ойластыру қажет болды. Димаштың өзі Ерлан Бекчурин және Қанат Айтбаев репертуарға, әндердің тұсаукесерлеріне, жаңа өңдеулерге жауап берді.

Режиссураға, шығармашылық идеяларға, стилистикаға және әр нөмірді ұсынуға қатысты барлық нәрсені Анна Обоянскаяға сеніп тапсырды.

«Барлық идеялар ойластырылғаннан кейін, біз музыкалық және драмалық түрде әр ән өз орнында болуы және тұтас өзіндік бөлігі болуы үшін концерттік тәртіпті құрдық және үйлестірдік», – деді Анна.

Стадиондық шоу техникасы

Концертке тек сенімді мамандар шақырылды, өйткені дайындық өте күрделі, ауқымды және жауапты болды.

Түсірілім тобына бұрын Еуропаның ірі теле және шоу — жобаларына қатысқан үздік мамандар шақырылды. Анна Обоянская алаңдағы жабдықтар — үлкен стадион шоуын түсіруге арналған сияқты, деп есіне алады.

Техникалық процесті ұйымдастырудың көп бөлігін әйгілі украиналық «Феерия» компаниясы өз мойнына алды. Соңғы бірнеше жыл ішінде оның мамандары Scorpions, Стинг, Дженнифер Лопеc, Элтон Джон, Лара Фабиан, Deep Purple, Prodigy, Дэвид Гаретт және басқа да әлемдік деңгейдегі көптеген жұлдыздардың концерттерін ұйымдастырды.

Рухтандырылған және жеңіл

Шығармашылық тұрғыдан Анна Обоянская онымен бірге бір толқында болатын сенімді адамдарды таңдады. Олар «DIMASH DIGITAL SHOW» — да жұмыс істеген үш басты кейіпкер: экрандардағы графика суретшісі, жарық суретшісі және хореограф.
Әр ән команданың барынша қатысуын талап етті: әртіс, музыканттар, балет, операторлар және басқалар.

Сондықтан әр нөмірді дайындау барысында барлық 140 адам жұмыс істеді. Әр адам маңызды болды.

Концерттің дайындығы кезінде басынан аяғына дейін шабытқа толы, жеңіл атмосфера орнады.

«Біз жұмыс істемедік, біз жасап шығардық. Бұл кезең менің жүрегімде ғана емес, сонымен қатар жобаның барлық қатысушыларының жүрегінде қалады деген сенімдемін», — деп бөлісті Анна.

DimashNews «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концертінің сахна сыртындағы көріністері туралы жазуды жалғастырады. Жақын арада концерттің көрнекі бөлігін құру туралы оқи аласыздар.

Соңғы жаңалықтар

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...