ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын орындады

Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын орындады

Dears Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын орындады

Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын орындады

23 маусымда Димаш Құдайбергеннің чилилік 17 жанкүйері Қазақстанның әнұранын орындады. Бұл әсерлі орындау Чили мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасу мен достықтың символына айналды.

Әнұранның бейнежазбасы алғаш рет 23 шілдеде Қазақстанның Бразилиядағы елшілігінде өткен арнайы іс-шарада көрсетілген болатын. Қазақстанның Чилидегі Елшісі Болат Нүсупов премьераға қатысып, чилилік жанкүйерлердің бастамасына қолдау көрсетті.

«Біз Димаш пен оның халқына ерекше, шын мәнінде мағыналы нәрсе сыйлағымыз келді. Соның негізінде, біз Қазақстанның әнұранын таңдадық», — деп бөлісті жоба қатысушылары.

Бұл жобада әнұранды 17 қатысушы шырқады. Олардың көпшілігі бұрын соңды  қазақ тілінде сөйлеп те көрмеген, тіпті бірде-бір сөз білмеген. Дегенмен, қазақстандық достар Әйгерім Бейсеулова, Шарапия Какимова және Әнуар Теміровтың табанды тәжірибесі мен қолдауының арқасында олар мәтінді меңгеріп, әнұранды өз дәрежесінде орындай алды.

«Бұл жобаны қабылдаған жанкүйерлерімізге алғысым мен ризашылығымды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Олар шабыттың қайнар көзі Димаш пен оның тума таланты болса, ешқандай кедергі жоқ екенін тағы да бір дәлелдеді. Бұл жұмысқа біз бүкіл махаббатымызды арнадық», — деп атап өтті жобаға қатысушылардың бірі.

Соңғы жаңалықтар

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...

DIMENSIONS жаңа турының басталуына бір күн қалды: Димаш Құдайберген жаңа шоуын ұсынуға дайын

18 қазанда Димаш Құдайберген DIMENSIONS атты жаңа концерттік турын бастайды. Халықаралық команданың бірнеше айға созылған дайындығы, эксклюзивті шоу мен...

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...