ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың малайзиялық жанкүйерлері орындаушының туған күніне орай қайырымдылық акциясын...

Димаштың малайзиялық жанкүйерлері орындаушының туған күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Dears Димаштың малайзиялық жанкүйерлері орындаушының туған күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Димаштың малайзиялық жанкүйерлері орындаушының туған күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

2022 жылдың 20 мамырында Димаштың малайзиялық Dears фан-клубы «Penang General Hospital» ауруханасында онкологиялық аурулармен күресетін балаларға гуманитарлық көмек жинады.

Қайырымдылық акцияны «Dimash Malaysian Dears» фан-клубы Малайзияның солтүстік аймағындағы балалар онкологиясының қауымдастығымен бірге Джорджаут қаласында Димаштың туған күніне орай ұйымдастырды.

20 мамырда фан-клубтың әкімшісі Азуа Али Орындаушының басқа да малайзиялық жанкүйерлерімен бірлесіп, Мазна Таиба қауымдастығының президенті және ҚР Малайзиядағы Елшілігінің өкілі Бексұлтан Әбдіжәлилдің қатысуымен аурухана басшылығына жеке 7 қорап гигиена заттарын, 35 қорап сүт, түрлі ойыншықтар, қолдан жасалған бұйымдар, Димаштың суреті бар фан-клубтың белгішелері 35 пакет және 50 дана шоколад пирогы табыс етілді.

«Димаш — барлық адам бір-біріне қамқор болатын, әлемді біртұтас көруді армандайтын аса құрметті қазақстандық әртіс. Оның әндеріндегі үндеулер көптеген адамдардың жүректеріне әсер етіп оларды игі істерге шабыттандырады. Димаш балаларды жақсы көреді, қолдайды, өйткені олар — біздің болашағымыз. Оның туған күніне орай біз және жанкүйерлері, қатерлі ісік ауруымен ауыратын балаларға қолдау көрсетіп, оларға сыйлықтар жіберіп, махаббат пен бақытты сәт сыйлауды ұйғардық. Мұндай қиын емдеу кезінде бұл олардың көңіл-күйін көтеріп, жүздеріне күлкі әкеледі. Олар мықты кішкентай жауынгерлер және біз оларға тезірек сауығып кетуді тілейміз», — деді Азуа Али.

Келесі күні Dears 30 балаға арналған аниматорлармен керемет қойылым ұйымдастырды, олардың арасында емделгендер мен қатерлі ісікпен күресетіндер де болды. Іс-шараға қауымдастықтың еріктілері мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Бірлескен торт кесу рәсімінен кейін балаларға көптеген ойыншықтар таратылды.

Елшілік өкілі Димаштың фан-клубына іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, фан-клубқа және балаларға Қазақстанмен байланысты естелік сыйлықтар табыс етті.

«Біз Димаш Құдайбергеннің фан-клубымен ынтымақтасуға қуаныштымыз. Қатерлі ісікпен емделген балалар ұзақ уақыт ауруханада болуы керек, көбінесе олар қалыпты балалық шақтан айырылады. Бұл оларға және олардың отбасыларына қысым көрсетуі мүмкін. Сондықтан олар тіпті ең кішкентай сыйлықты алған кезде, олар туралы ойлайтын адамдар бар екенін білу үлкен қуаныш. Біз фан-клубқа осындай акция үшін және балаларымызға көрсеткен қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті Мазна Таиба.

Өз кезегінде Димаш осындай маңызды қайырымдылық акцияларын өткізгені үшін барлық Dears-қа үлкен алғысын білдірді:

«Мен өзімнің Dears-тің барлық игі істері туралы естігенде, қатты қуанамын. Мен адамдардың ең қиын сәттерде бір-біріне қолдау көрсетіп, қамқорлық жасайтынына өте қуаныштымын. Балалардың күлкісі — бұл жарқын өмір, сондықтан біз оны әрдайым жарқын ету үшін бәрін жасауымыз керек».

Соңғы жаңалықтар

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...