27 ақпанда Мексика метросының 576 медиафасадында Димаштың KIELI MEKEN әнімен өнер көрсетуі басталды. Акцияны Мексикандық жанкүйерлер Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырды.
Видео 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында сағат сайын көрсетіледі. Бұл «Dimash Qudaibergen Méxicoficial» фан-клубының Dears Мехикодағы медиафасадында Димаштың қойылымдарын екінші рет ұйымдастырып отыр.
Метро қаланың негізгі көлік құралдарының бірі болып табылады, сондықтан бейнені 3 миллионға жуық адам көреді.