Димаштың орындауындағы KIELI MEKEN әні Наурыз мерекесіне орай Мексика метросында көрсетіледі

518

27 ақпанда Мексика метросының 576 медиафасадында Димаштың KIELI MEKEN әнімен өнер көрсетуі басталды. Акцияны Мексикандық жанкүйерлер Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырды.

Видео 27 ақпан мен 5 наурыз аралығында сағат сайын көрсетіледі. Бұл «Dimash Qudaibergen Méxicoficial» фан-клубының Dears Мехикодағы медиафасадында Димаштың қойылымдарын екінші рет ұйымдастырып отыр.

Метро қаланың негізгі көлік құралдарының бірі болып табылады, сондықтан бейнені 3 миллионға жуық адам көреді.