ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың туған күніне арнап 21 елден келген жанкүйерлері қазақ...

Димаштың туған күніне арнап 21 елден келген жанкүйерлері қазақ тілінде ән шырқады

Dears Димаштың туған күніне арнап 21 елден келген жанкүйерлері қазақ тілінде ән шырқады

Димаштың туған күніне арнап 21 елден келген жанкүйерлері қазақ тілінде ән шырқады

18 мамырда Димаш Құдайбергеннің 30 жылдығына арналған «Бүкіл әлемде Махаббат» бірегей музыкалық жобасының премьерасы өтті. Жобаны ұйымдастырушы DiVoices хоры әлемнің түкпір-түкпірінен Dears-ты біріктірді.

Бұл бастаманы Димаштың «Mahabbat Ber Magan» композициясын қазақ тілінде орындаған 21 елден келген 98 жанкүйері қолдады. Шығарманың аранжировкасы мен сүйемелдеуін Ольга Попова дайындаса, Олжас Құрманбек музыкалық сүйемелдеуді қобызда ойнау арқылы толықтырды.

Әрбір хор мүшесі әннің сөзін қазақ тілінде жаттап алып, аудиосын жазып, жазбаны мақұлдаған соң бейнежазбаны жіберуі керек болатын. Хористер мен жоба координаторлары бұл туындыны жасау үшін бірнеше ай бойы ерінбей еңбек етіп, үлкен жұмыс атқарды.

Хорға 7 ақпаннан бері Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Америка, Еуропа және Азия елдерінен Димаштың жанкүйерлері дайындалып, соның негізінде жобаға қатысты.

Ұйымдастырушылар жобаға қосқан үлесі үшін қобызшы Олжас Құрманбекке және осы ауқымды жобаның басты бастамашысы әрі жетекшісі болған поляк Димаш фан-клубының өкілі Агнешка Члапқа ерекше алғыстарын білдірді.

Dimash FC Poland фан-клубының администраторлары:
«Әніміз барлығына ұнайды және Димаш Dears-ты мақтан тұтады деген үміттеміз», — деп бөлісті.

Жауап ретінде Димаш Құдайберген жанкүйерлеріне қолдау көрсетіп, туған тілі мен Қазақстанның мәдениетіне деген сүйіспеншіліктері мен құрметтері үшін шексіз алғысын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың «Yazgi» әні Бельгия радиостанцияларында әуезді әуенге айналды

Димаш Құдайбергеннің жаңа «Yazgi» синглі шетелдік радиостанциялардың эфирінде кеңінен таралуда. Композиция жарыққа шыққаннан кейін Бельгияның бірқатар радиостанцияларында ротацияға еніп,...

Испаниялық телеарна Димаш Құдайбергеннің дауыс ерекшелігіне арналған сюжет көрсетті

9 тамызда Mediaset España медиа тобының құрамына кіретін Cuatro телеарнасы эфирден Димаш Құдайбергенге және оның вокалдық мүмкіндіктеріне арналған арнайы...

«Yazgı»: Димаштың түрік тіліндегі тұңғыш авторлық әнінің жазылу тарихы

3 тамызда продюсер, композитор, әнші әрі көптеген музыкалық шығармалардың авторы Димаш Құдайберген тыңдармандарына түрік тіліндегі алғашқы авторлық туындысы –...

Испанияның El Mundo газеті Димаш Құдайберген туралы көлемді мақала жариялады

Димаш Құдайбергеннің есімі тағы да Испанияның беделді басылымдарының бірінен көрініс тапты. Испаниядағы ірі ұлттық газеттердің бірі – El Mundo...

Димаш Құдайбергеннің «DiMENSIONS» атты әлемдік туры

Димаш Құдайбергеннің жаңа «DiMENSIONS» жобасы – уақыт пен кеңістікті шарлау идеясына негізделген туынды емес, бұл – әртістің болмысын оны...