ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың «When I’ve Got You» әні Мексикадағы тоғыз радиостанцияда...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Мексикадағы тоғыз радиостанцияда шырқалды

Dears Димаштың «When I’ve Got You» әні Мексикадағы тоғыз радиостанцияда шырқалды

Димаштың «When I’ve Got You» әні Мексикадағы тоғыз радиостанцияда шырқалды

12 қазанда Димаштың «When I’ve Got You» әні тоғыз Match FM радиостанциясы арқылы бүкіл Мексикада бір уақытта таратылған Conteomatch бағдарламасында ұсынылды.

Композиция Пуэрто-Вальярта (98,5 FM), Пуэбла (90,1 FM), Гвадалахара (90,3 FM), Морелия (93,9 FM), Леон (97,5 FM), Керетаро (97,9 FM), Кульякан (100,1 FM) және Мехико (99.3 FM) сияқты қалаларда орындалды. Осылайша ән қалың тыңдарманға жол тартып, жанкүйерлерге сүйікті өнерпазының шығармашылығынан ләззат алуға мүмкіндік берді.

Acir тобы мен халықаралық iheartradio желісінің бөлігі болып саналатын Match FM радиосы Мексикада да, шетелде де өз толқындарында таратылатын әндер мен бағдарламаларды насихаттайды.

Мексикалық Dears биылғы жылдың тамыз айында олармен кездесу ұйымдастырып, Димашты кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік берген Мехикодағы Match 99.3 FM радиостанциясына ерекше алғысын білдіреді.

Жанкүйерлерімен тығыз байланыста болған жүргізуші Джари оларды құшақ жая қарсы алып қана қоймай, тыңдармандардың әртіспен жақынырақ танысуына жағдай жасады.

Сондай-ақ, Джари қазақстандық әншінің шығармашылығын таныту мақсатында TikTok желісінде тікелей эфир де жүргізді.

Соңғы жаңалықтар

Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» – Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой опера театрында эксклюзивті концерт берді

6 шілдеде Вьетнам астанасында Испания, Латвия және Қазақстанның үш вокалдық өнер шеберінің ерекше концерті өтті. Ho Guom операның екінші...

Димаш Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінде болды

Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды. Құрметті...

Димаш Ханойға “Хо Гом” театрының концерттік бағдарламасына қатысу келді

2025 жылдың 4 шілдесінде Димаш Құдайберген Вьетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласы келді. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың...

Димаш Құдайберген испандық «La Voz de Galicia» басылымына сұхбат берді

Испаниялық журналист және Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсиа Галисиядағы ең көп таралатын күнделікті газетте қазақстандық әншінің сұхбатын төмендегіше ұсынады: «Бүкіл әлемді...

Димаш пен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубына Вьетнамның танымал радиосы өзінің шығарылымын арнайды

2025 жылғы 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоканалы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубының қызметіне...