Димаштың Майкл Корстың қайырымдылық “Love” кампаниясына қолдау танытқаны, әншінің жанкүйерлері үшін үлкен үндеу болды.
Қазір әлемнің әр түпкіріндегі Dear-лар әлеуметтік желілеріне “Love” футболкасының суретін жариялап, әлеуметтік шараға бірауыздан өз үлестерін қосуда. Сондай-ақ әншінің жанкүйерлері қайырымды іске көптің назарын аудару мен ақпараттандырудың түрлі жолдарын қолға алды.
«Осы қайырымды істің нәтежиесінде әлемді біріктіретінімізді түсінудің өзі қуантады», деді Димаш.
Естеріңізге салсақ, қазанның 7-сі күні Димаш БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы әлемдегі ашаршылық мәселесіне назар аудару үшін Майкл Корс және «Michael Kors» брендімен серіктестігін жариялаған болатын. Жобаның мақсаты балаларды тамақтандыру арқылы әлемдегі азық-түлік мұқтаждығын жою.