ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Мәдениет «Еділ мен Жайық» әнін Қонаев та сүйіп тыңдаған

«Еділ мен Жайық» әнін Қонаев та сүйіп тыңдаған

Әлем Мәдениет «Еділ мен Жайық» әнін Қонаев та сүйіп тыңдаған

«Еділ мен Жайық» әнін Қонаев та сүйіп тыңдаған

Ильяның өзі айтады, «көптеген әндерімнің галереясын қоңыр күзде жасадым» деп. Левитанға «Золотая осень» картинасын жаздырған күз Ильяның жүрегін

 Есіңде бар ма, осынау қайың,

 Сарғайып күзде тұрады дәйім.

 Дариға, сол бір арманды күндер,

 Елес пе еді, білмедім, Айым.

 Сарғайды қайың, сарғайдым мен де,

 Жұлдыздай алыс ұзадың сен де,- дегізіп «Ақ қайың» романсын тудырды. Лирика мен мұңға жетелейтін мезгіл әсері осылайша Жақановтың есімін жалпақ далаға танытты, жұртқа паш етті.

Расымен, Ілекеңнің шығармаларының көпшілігі күз айларында дүниеге келіпті. Күз – композитордың шабытын шалқытқан. Мәселен, «Даниярдың әні», «Жәмиланың әні», «Әсел», «Асылым», «Түнгі сыр», «Толағай», «Сырымбет», «Балқантаудың бауырында», «Шолпан жұлдыз», «Бұлбұл еді» сынды туындылары әр жылдардағы қыркүйек, қазан, қарашаның жемісі көрінеді. Тағы да Ильяның сөзіне жүгінсек: «Ойлап отырсам, прозалық шығармаларым да күзде толғандырыпты. «Қайта оралған ән», «Қош бол, вальс!» атты екі повесім күзде басталып, келер жылы күзге салым біткен-ді. Осы жерде айта кетер бір жайт, «Қайта оралған ән» повесінің эпилогын жазу үстінде кейіпкерлерімнің тағдыры еріксіз жетелеп, мені қырғыздың Ыстықкөлінің күзгі көрінісін көруге апарды. Бұл сапарда кітап кейіпкерінің есімімен аталатын «Айнагүл», «Әсел», «Асылым» әндері туды. Прозалық шығармалардың ішінде «Айлы соната» атты новелла да күздің мұңды лебімен жазылды. Күз мені сарсаң ойлардан арылтады. Жүрегімді ұйытқан құпия сырлар ән романс кейпінде туындап, көкейдегі көп түйткіл шешіледі».

Поляктың ұлы композиторы Фредерик Шопен «Сөз біткен жерден музыка басталады» дейді. Ал мұны Илья Жақановтың аузынан жиі құлағымыз шалады. Осы тектес ойларды Моцарт пен Бетховен де қалдырған. Яғни, даусыз солай! Ильяның жазушылығын да, суретшілігін де ел біледі. Зерттеушілік қырымен де таныспыз. Дала сазгерлерінің әндеріне қатысты талай жаңалықтың бетін ашып, өнерсүйер жұртшылыққа ұсынған. Ал оның бояуынан құралған сурет көрмесі дәл қазіргі кезде батыстан басталып, оңтүстікке ба,ыт алуда. «Бұлбұл әуені», соңғы жылдары ғана дүниеге келген «Теміртауда мақпал түн», «Аққу әні», «Еділ-Жайық», «Сырлы жүрек пернесі» атты кітаптары қарымды жазушылығын айғақтайды. Қаламы жеткізе алмаған көмейіндегісі сонда ән болып қалықтағаны ғой. Шопеннің сөзін бекер айтпайды екен.

«Бір кездері «Соловьев-Седой «Подмосковные вечерасын» шығарғанда қандай күйде болды екен? Біз де сондай ұлы шығарма тудырсақ қой» деп армандайтын едік» дейді Ілекең. Сөйтсе, вальс корольі Шәмші Қалдаяқов «Илья, сен өзіңнің «Подмосковные вечераңды» жазып қойдың. Ол – «Жайлаукөл кештері» депті ғой. Бұл – қанша қазақ жастарын ыстық сезімге бөледі, сонау шалғайдағы сары даланы көруге құмартты. «Жайлаукөл кештері» туралы тартымды әңгімелер де жетерлік…

Шәмші ағамыздың тағы бір сөзін еске алсақ: «Илья Жақановтың әндерінде қырғыз ағайындардың мұңды сарыны бар. Бірақ, онысы қазақтың шерлі әуендеріне жаңа мазмұн беріп, тек Ильяға тән әндер туады». Иә, расында, Ілекеңдер өз сөзімен жеткізгенде, бүгінгі батыстың даңғара «хиттарынан» аман қалды. «Мен кеудемдегі, жан-дүниемдегі, ділім мен дітімдегі барлық әуен мен әуезді қазақтың «Елім-айларынан», «Еркем-айларынан» алдым, «Екі жирен», «Ақбақай», «Назқоңырлардан» алдым, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұсалардан алдым. Мен анамнан қалай нәрленсем, жоғарыдағылардан солай сусындадым. Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Мұқан Төлебаев, Бақытжан Байқадамов, Қалан Мусин, Сыдық Мұхаметжанов… Міне, осылардың таңғажайып ән романстарымен өстік. Осылардың кез келген әнін үйде де, түзде де айтып жүрем. Мен туралы көп бас қатырудың керегі жоқ, болмысымдағы музыканың, әуездің, мелодияның үш қайнары бар. Алғашқысы, әлгі «Елім-айдан» басталған, Біржан, Ақандар әуелеткен, Жамбыл, Кенендер термелеткен қазынаны еркін емдім. Одан кейін, бойымдағы бір колорит – қырғыз әндері. Қазақ әндерін қалай дарытсам бойыма, қырғыз өнерін де солай қабылдадым. Енді осының бәрін құдіреттендіріп, дамытқан советтік классика бізді өсірді, жетілдірді» дейді композитор. Ол Мұхиттың Мұхит болғаны да өзіне дейін керемет әндердің дүниеге келуінің, содан нәр алуының арқасы деп біледі.

Композитордың алғаш туған әндерін мән бере тыңдап, зерттей қараған музыка корифейлерінің берген бағалары таң қалдырады. Қазақтың тұңғыш операларын жазған композитор Евгений Брусиловскийдің Илья туралы айтқаны ғой: «Бұл жігіт – нағыз халық композиторы. Ешбір консерватория тұла бойы мелодист-композиторды оқытып шығарған жоқ. Әндерін көріп отырмын. Өзінің осы табиғатын бүлдірмейік. Шығаратын әнін сал-серілерше емін-еркін шығарсын». Сол халық композиторының «Еділ мен Жайық» әніне айтылған лебіздерден оның табиғи дарындылығын да байқаймыз. Мәселен, Роза Бағланова «Еділ мен Жайық» – әннің төресі» десе, Шота Уәлиханов «Илья Жақанов Еділ мен Жайықты қатар толқытып, қазақ халқының еңсесін көтерді» дейді. «Еділ мен Жайық» – қазақ халқының гимні» депті Асанәлі. Әнді қазақтың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаев Гүлмайдан Сүндетованың орындауында бірнеше рет тыңдаған көрінеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ильямен кездескен сайын «Толағай» әнін айтуын сұрайды екен. Ал, бір кездесуде Ильяның бірнеше әнін, «Толағайды» қоса, Тұңғыш Президенттің өзі орындап берген.

Асхат РАЙҚҰЛ

Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері: көру қабілеті нашар жандар үшін жаңа мүмкіндіктер

27 наурызда Астанада көру қабілеті нашар жандардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетуге арналған қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері өтті. Ш.Шаяхметов...

Димаштың «When I’ve got you» әні Чили мен Эквадор радиостанцияларында 1-орынға ие болды

25 наурызда Димаш Құдайбергеннің шығармасы Чили мен Эквадордың радио-парадтарында 1-ші орынды иеленді. Чилидегі Radio Hoy радиостанциясында «When I’ve got...

Латвияда Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

«Қош келдің, Наурыз!» - деген тамаша атаумен алғашқы рет Балтық жағалауы елдері, оның ішінде Латвияда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау...

«Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға әрқашан дайын»

Димаш Құдайбергеннің Dears деп аталатын жанкүйерлері шын мәнінде бір-біріне жанашыр үлкен отбасы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері түрлі акциялар ұйымдастырып,...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Сербия, Италия және Латын Американың радиостанцияларында шырқалды

Димаш Құдайбергеннің «When I’ve Got You» атты жаңа композициясы әлемнің түкпір-түкпіріндегі радиодан шырқалып, өз жалғасын табуда. Сондай-ақ, жақында Сербия,...