ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық «Эмоцияға толы»: Baqytty Bala 2023 1-ші туры Ақтөбеде аяқталды

«Эмоцияға толы»: Baqytty Bala 2023 1-ші туры Ақтөбеде аяқталды

Басты жаңалық «Эмоцияға толы»: Baqytty Bala 2023 1-ші туры Ақтөбеде аяқталды

«Эмоцияға толы»: Baqytty Bala 2023 1-ші туры Ақтөбеде аяқталды

14 тамызда Ақтөбеде Baqytty Bala 2023 V мерейтойлық балалар вокалдық байқауы басталды. Фестиваль қатысушылары байқау сахнасында көптен күткен қойылымнан өз эмоцияларымен бөлісті.

Таңертеңнен бастап Ақтөбе қаласының «Өнер орталығы» концерт залында мерекелік, сонымен бірге қызықты атмосфера болды. Әлемнің 5 елінен 20 талантты финалист Baqytty Bala сахнасына шығып, өздерінің вокалдық және сахналық шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетті.

Бірінші тур басталар алдында байқауға қатысушылар, сондай-ақ БАҚ өкілдері төрешілер алқасының мүшелерімен кездесті.

Байқаудың V маусымында қазылар алқасының мүшелері: Марат Әйтімов, Қанат Айтбаев, Надежда Голендер, Рухия Байдукенова және Расул Усманов журналистердің сұрақтарына жауап берді. Барлығы жыл сайын Baqytty Bala қатысушыларының деңгейі артып келе жатқанын және олардың арасынан ең жақсысын таңдау оңай мәселе емес екенін бірауыздан атап өтті.

Барлық финалистер сахнаға сенімді түрде шығып, әнді өз тілінде орындауда жоғары кәсіпқойлықпен шықты.


Эстониядан келген қатысушы Валерия Савчук алғашқы Байқау турынан кейін алған әсерімен бөлісті:

«Бірінші тур әртүрлі эмоцияға толы өтті. Барлық қатысушылар жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бізбірімізбен жақсы дос болып кеттік! Мен олардың барлығын өте жақсы көремін. Менің ойымша, бүгін бәріміз үлкен жұмыс жасадық. Бірінші турда мен Эстон тілінен аударғанда «Үнсіздік» дегенді білдіретін Vaikus әнін орындадым. Бұл ән кейде адамның өз ойларымен жалғыз қалуы қаншалықты маңызды екендігі туралы». Барлық қатысушыларға ертең осындай керемет қойылымдар тілеймін».

Қазақстандық, Жаңаөзен қаласынан келген Финалист Алдияр Дүтбаев өзінің өнеріне риза екенін, сондай-ақ соңғы болып өнер көрсеткені үшін өте бақытты екенін айтты:
«Маған 1 тур өте ұнады, әсіресе менің өнерім. Мен соңғы болып ән айттым, мен керемет жұмыс жасадым деп ойлаймын. Кейбіреулер соңғы болып өнеп көрсетуді ұнатпайды, бірақ мен жеребеде 20-шы нөмірді шығарғаныма қуаныштымын. Мен МузАРТ тобының «Рахмет саған, туған ел» әнін орындадым. Менің таңдауым дәл осы әнге түсті, өйткені Мен өз Отанымның патриотымын және осындай әдемі елде туылғаныма ризамын. Барлық қатысушыларға ертеңгі турда сәттілік тілеймін!”.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...