ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Эмоционалды аштықты емдеу құралы

Эмоционалды аштықты емдеу құралы

Басты жаңалық Эмоционалды аштықты емдеу құралы

Эмоционалды аштықты емдеу құралы

Қуаныш көз жасы, «кесте бойынша» жаңбыр және Димаш қазылар алқасында… XXX «Витебскідегі Славян базары» қалай өткендігі туралы фестиваль директоры Глеб Лапицкий DimashNews-ке берген сұхбатында айтып берді.

— Глеб, сіздерді осындай үлкен фестивальмен құттықтаймыз! Мерейтой қарсаңында қандай сезімді бастан кештіңіз?

– Ең алдымен, фестивальдің барлық қатысушыларына алғысымды білдіргім келеді, солардың арқасында бұл керемет мереке болды. Мен ең жағымды эмоцияларды сезіне алдым, өйткені биыл, Беларуссиядағы халықтар бірлігі жылы, біз бәріміз бірігіп, фестивальді өткізе алдық. Әртістер, ұйымдастырушылар мен көрермендер күрделі эпидемиологиялық және логистикалық жағдайларға қарамастан бір үлкен үйлесімді механизм ретінде әрекет етті. Біз бірге «Славян базары» өмір сүргенін, өмір сүретінін және өмір сүре беретінін көрсеттік.

— Бұл фестиваль сіз үшін нені білдіреді?

– Мен үшін бұл менің өмірімнің ең маңызды кезеңдерінің бірі. Бұл жоба, бұл бренд, бұл достардың кездесу орны. Бұл адамдарға ең маңызды нәрсе – эмоция сыйлайтын біріктіруші фактор. Әсіресе, біздің көпшілігіміз эмоционалды аштықты сезінетін қиын уақыттамыз. Фестиваль сыйлайтын барлық осы эмоциялар өте жағымды. Мұнда көз жасы пайда болса — олардың бәрі қуаныш пен жарқын ностальгиядан. Менің ойымша, «Славян базары» — бұл сезімнің нағыз палитрасы.

— Жыл сайын фестиваль өз қонақтарын таң қалдыруға тырысады. Бұл жолы көрермендер қандай тосынсыйларды көрді?

— Тосынсыйлар туралы қонақтардан сұраған дұрыс шығар, бірақ біз әр алаңда қызықты және таңғажайып нәрсе жасауға тырыстық. Жазғы амфитеатр сахнасында мұз бен рок музыкасынан бастап, дәстүрлі «кесте бойынша» жаңбырға дейін. Биыл біз үлкен көрме және театр бағдарламаларын ұйымдастырдық. Ашық алаңдар мен концерт залдарында қызықты іс-шаралар өткізілді. Әр жоба өзіндік ерекше және өзгеше болды. «Славян базары» жалпы көп жанрлық принцип бойынша құрылған. Бұл -мүлдем басқа бағыттарды қамтитын және бір-біріне сәйкес келмейтін бірнеше фестивальдердің бірі.

— Мерейтойлық фестивальге қатысушылардың қайсысы ерекше есте қалды?

— Білесіз бе, биылғы байқауға қатысушылар – шын мәнінде нағыз жеңімпаздар. Әр түрлі елдер мен мәдениеттерді ұсына отырып, олар шығармашылықтың ешқандай шекарасы жоқ екенін, бұл бәрінен тыс, бәрінен жоғары екенін дәлелдеді.
Сондай-ақ, «Славян базарында» жыл сайынғыдай халықаралық үлкен қазылар алқасы жұмыс істеді, оған кез келген ұйымдастырушы қызыға да қызғана қарай алады, өйткені біз жоғары деңгейдегі шеберлерді жинадық.

— Қазылар алқасын таңдау кезінде сіз қандай принциптерді басшылыққа аласыз?

– Ең алдымен — олардың кәсібилігі және маңыздылығы. Біз қазылар алқасының құрамына бұрын «Славян базарына» қатысқан әртістер кіргеніне өте қуаныштымыз. Сонымен бірге біз өзімізге жаңа адамдарды үлкен қуанышпен қабылдаймыз. Мысалы, биылғы жылы бізге Ottawan тобының жетекшісі Патрик Жан-Батист қосылды.

— Димаш бірден қазылар алқасының құрамына кіруге келісті ме?

— Иә, біз оған өте ризамыз. Себебі ол ерекше дауысы мен энергиясы бар орындаушы, сонымен қатар үлкен кәсіпқой. Димаш — біздің байқауымыздың лауреаты және ол біздің қатысушыларымызды және болашақтағы жеңімпаздарымызды бағалауға лайықты адам. Ол барлық лауреаттарға шығармашылық жолының неден басталғанын ұмытпай, өздерімен жұмыс істеуге және тек алға қарай жүруге үлкен стимул береді.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың шығармашылығын қолдауға арналған Мексикалық Dears тобының акциясы жергілікті БАҚ назарын аударды

Мексикадағы Димаштың жанкүйерлері креативті акциясы арқылы тағы да жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аударды. Lucha Libre-ге арналған арнайы іс-шара...

Польшадағы Dears Нан мерекесінде Қазақстан мен Димаштың шығармашылығын таныстырды

23 тамызда Польшадағы Токарняда орналасқан Келецкая ауыл мұражайында Нан мерекесі өтті. Іс-шара аясында Димаш Құдайбергеннің поляк фан-клубының мүшелері ақпараттық...

Димаш өзінің шынайы «меніне» оралу арқылы DIMENSIONS тұжырымдамасын қорытындылайды

Эпилог | Бастау. Кеңістік. Ғаламның шетсіз-шексіз кеңістігі аясында бәсең қанықтықтағы жұмсақ қана жарық Димаштың кескін бейнесінің айқын әрі нәзік сызықтарын...

Қалыптасқан шеңберден тыс кеңістік: Димаш DIMENSIONS жобасының екінші тарауын ұсынады

Екінші тарау | Шекараларды бұзып.. 3D-пиксель фрагменттері әртүрлі өлшемдерден құрастырылғандай әсер қалдыратын кеңістік қалыптастырады. Бөлшектер экран шекарасынан асып шығып, шынайы...

DIMENSIONS: Димаш әлемдік турдың алғашқы тарауының концепциясын таныстырды

1-тарау | Үнемі өзгерісте. Үнемі шынайы Терең әрі мөлдір қызыл түс тек Димашқа ғана арналып жасалған рухтың шеңберлі театрын бойына...