ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Ереванда Димаш пен Dears фан-кездесуі өтті

Ереванда Димаш пен Dears фан-кездесуі өтті

Dimash World Ереванда Димаш пен Dears фан-кездесуі өтті

Ереванда Димаш пен Dears фан-кездесуі өтті

29 сәуірде Ереванда «Stranger» әлемдік тур бағдарламасымен Димаштың алғашқы жеке концерті өтті, ал келесі күні Dwin Hotel-де әртістің жанкүйерлері Meet & Greet форматындағы әртіспен кездесуге жиналды.

Іс-шараны Димаштың інісі, жас музыкант Әбілмансұр Құдайберген ашты, ол «Ұмытылмас күн» композициясының аспаптық нұсқасын әдемі Dears хорымен орындады.

Димаш көрермендермен әр тілде амандасып, қолдаулары үшін алғысын білдірді;

«I am a Singer» жобасынан бері 6 жыл өтті және осы жылдар ішінде мен Сіздердің қолдауларыңыз бен жылулықтарыңызды сеземін. Мен әлемдегі ең бақытты әртістердің бірімін, себебі әр әртіс өзінің барлық шығармашылық амбицияларын әрқашан сіз сияқты көрермендер қолдайтынын армандайды».

Кездесуде Dears және әртіс концерт туралы пікір алмасты. Жанкүйерлер «Сіз біздің Instagram-дағы пікірлерімізді біздің жазбаларымыздан оқисыз ба?», деген сияқты қызықты сұрақтар қойды.

Кеш барысында дудук ойынының шебері Геворг Дабагян Димашқа әртіске қатты ұнайтын осы көне армян музыкалық аспабын сыйға тартты.

Армения музыкасына деген көзқарас туралы сұраққа Димаш:

«Таңғажайып музыка. Кеше ғана, концерттің алдында мен әр түрлі армян халық әндерін естідім. Ал қазір, концертке бірнеше сағат қалғанда бұл әнді естідім. Ол маған қатты ұнағаны соншалық, мен бірнеше сағат ішінде мәтінді тез үйреніп, оны сол күйінде ұсынуға тырыстым. Шуақты Арменияның барлық тұрғындарына менің орындауымды өте жылы қабылдағаны үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Бұл сіздердің халық әндеріңізге деген шуақты Қазақстаннан жылы лебіз еді»,- деді әртіс.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...