ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық FlyArystan әуе компаниясы Димаштың жаңа бейнебаянының түсірілімінде

FlyArystan әуе компаниясы Димаштың жаңа бейнебаянының түсірілімінде

Басты жаңалық FlyArystan әуе компаниясы Димаштың жаңа бейнебаянының түсірілімінде

FlyArystan әуе компаниясы Димаштың жаңа бейнебаянының түсірілімінде

Димаштың Қазақстанның негізгі туристік жерлеріне арналған «Киелі мекен» әніне түсірген жаңа бейнебаяны қазақстандық лоукостер FlyArystan әуе компаниясының қолдауымен түсірілді. Музыкалық бейнебаянды дайындау үшін барлық туристік мекендерге рейстерді ұйымдастырған серіктес FlyArystan авиакомпаниясына алғыс айтамыз!

FlyArystan туралы

FlyArystan – өз жұмысын 2019 жылдың мамыр айында бастаған қазақстандық лоукостер әуе компаниясы. «Эйр Астана» компаниясының еншілес ұйымы болып табылатын бұл авиатасымалдаушы Қазақстанның 14 қаласын қамтитын кең маршруттық желі бойынша рейстерді және халықаралық бағыттар мен чартерлік рейстерді орындайды.

Сыйымдылығы 180 және 188 орыннан тұратын Airbus A320 ұшақтарының заманауи авиапаркі жолаушыларға арзан тарифтер мен модель форматындағы қызметтерді ұсынады. Билеттерді брондау, багаж немесе тамақтану сияқты қосымша қызметтерді таңдау FlyArystan әуе компаниясының қосымшасы мен ресми сайтында, сондай-ақ басқа да танымал қызметтер арқылы қолжетімді.

2024 жылдың сәуір айында FlyArystan коммерциялық жолаушыларды тасымалдау құқығын растайтын ең маңызды құжат – әуе операторының сертификатын (AOC) алды. Бұл авиакомпанияның қауіпсіздік пен қызмет көрсету сапасының жоғары стандарттарын көрсетеді.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық FlyArystan рейстері IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығы FlyArystan авиакомпаниясына тағайындаған жаңа FS коды (бұрынғы KC орнына) бойынша орындалатын болады.

Инновация және жолаушыларға арналған ыңғайлылық

FlyArystan инновацияларды белсенді түрде енгізуде. Қазақстанның барлық қалаларында қолжетімді iJan өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары мен Алматыдағы BagJan өзіне-өзі қызмет көрсететін багажды түсіру қызметі әуежайлардағы кезектерді азайту арқылы жолаушылардың уақытын үнемдеуге көмектеседі.

Әлеуметтік жауапкершілік және эко-бастамалар

Әуе компания әр түрлі әлеуметтік бастамалар мен экологиялық жобаларды қолдап отырады. Мысалы, орман өртінен зардап шеккен Абай аймағының экожүйесін қалпына келтіру үшін FlyArystan компаниясы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына көмектесіп, 315 гектар жерге көшет өсіруге қажетті материалдармен қамтамасыз етті.

Саяхат жасауға шабыт шақыру

FlyArystan-ның «Саяхатқа ИӘ де» ұраны әуе компанияның жолаушылардың жаңа жерлерді бағындырып, көкжиектерін кеңейтуге арналған миссияларының бірі. Әуе компанияның YouTube арнасында туристерге арналған бірегей маршруттар мен пайдалы кеңестерді көрсететін Low-Cost Travel атты қолжетімді саяхат туралы бейнероликтер тұрақты түрде жарияланып тұрады.

Марапаттар мен жетістіктер

FlyArystan екі рет авиациялық Оскар сияқты Skytrax World Airline Awards 2023 және 2024 бойынша Орталық Азия мен ТМД-дағы ең арзан әуе компания атағын алды.

Димаш Құдайбергенмен серіктестік

FlyArystan компаниясының Димашпен «Киелі мекен» бейнебаянын түсірудегі ынтымақтастығы – елдің мәдени және табиғи байлығына назар аудара отырып, Қазақстанды әлемге таныту мақсаты еді.

Соңғы жаңалықтар

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...