ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері қазақ тілін үйренуде

Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері қазақ тілін үйренуде

Dears Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері қазақ тілін үйренуде

Испаниядағы Димаштың жанкүйерлері қазақ тілін үйренуде

2024 жылдың ақпан айында Димаштың жанкүйерлерінің өтініші бойынша Қазақстанның Испаниядағы Елшілігінің қолдауымен қазақ тілін үйрету курстары ашылды.

Сабақтар аптасына бір рет онлайн форматта өтеді. Дегенмен, оқытушы Сандуғаш Тоқтаубаеваның айтуынша, қазақ тіліне қызығушылық танытқан испандықтардың қатары күн санап артып келе жатқандықтан, жақын арада тағы бір топ ашу жоспарланып отыр екен.

«Мен Испанияда қазақ тілін үйренгісі келетін және біздің мәдениетімізге қызығушылық танытқан адамдардың бар екеніне өте қуаныштымын», – дейді Сандуғаш Тоқтаубаева. – «Менің сабағымда оқушыларым өте белсенді болып, қазақ тілін үлкен ықыласпен үйреніп жатыр».

Мәдениет пен тілдегі айырмашылықтарға қарамастан, Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері оның өнеріне терең бойлағысы келеді.

«Димаштың өнерін түсіну үшін бізге тіл кедергі келтіре алмайды. Оның дауысы айшылық алыс жерлерді кесіп өтіп, сезімдерімізбен алмасуға шек келтірмейді», – деп бөлісті Dears. «Бірақ біз сүйікті әншімізге рухани жақын болу үшін оның ана тілін меңгеріп алсақ нұр үстіне нұр емес пе? Сол себепті қазақ тілі курстарын ашу туралы өтінішімізбен елшілікке жүгіндік. Бұл біз үшін ерекше және пайдалы тәжірибе болмақ».

Dears Қазақстан Елшілігі ұйымдастырған онлайн қазақ тілі курсы олар үшін тамаша мүмкіндік болғаны туралы былай дейді:

«Біз уақыттың қалай зымырап өтіп жатқанын байқамаймыз. Бірақ бірнеше айлардан кейін: «Мен Испанияданмын және Димаш Құдайбергеннің ана тілінде сөйлеймін» деп мақтанышпен айта алатынымызға сенімдіміз.

Соңғы жаңалықтар

Мадридте Димаштың жанкүйерлері Абайдың 180 жылдығына орай қайырымдылыққа 1200 еуро аударды

Мадридте Астана күніне және қазақтың ұлы ақыны Абайдың 180 жылдығына орай Қазақстанның Испаниядағы Елшілігі ұйымдастырған шара өтті. Мерекелік шараларға...

Димаштың ым-ишара тіліндегі әндері: Қарағандыдағы Димаштың фан-клубы ым-ишарамен ән орындайтын жас әртіспен кездесу өткізді

Димаштың туған күніне орай "ДимашКарагандаРегион" фан-клубы ым-ишара тілінің талантты орындаушысы Ернұр Саменмен кездесу ұйымдастырды. Dears Ернұрмен 2024 жылдың қарашасында мүмкіндігі...

Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» – Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой опера театрында эксклюзивті концерт берді

6 шілдеде Вьетнам астанасында Испания, Латвия және Қазақстанның үш вокалдық өнер шеберінің ерекше концерті өтті. Ho Guom операның екінші...

Димаш Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінде болды

Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды. Құрметті...

Димаш Ханойға “Хо Гом” театрының концерттік бағдарламасына қатысу келді

2025 жылдың 4 шілдесінде Димаш Құдайберген Вьетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласы келді. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың...