ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

Димаш «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

Dimash World Димаш «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

Димаш «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

10 ақпанда Астанада жыл сайынғы «Халықтың сүйіктісі» «Народный любимец» «National Lovely Person» Ұлттық сыйлығын табыстау рәсімінің он екінші кезеңі өтті. Үш дүркін лауреат атағын алған Димаш Құдайберген бұл рәсімде арнайы сақинамен марапатталды.

«Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығы рәсімі тарихында осыған дейін эксклюзивті қола мүсіндер көптеген қатысушыларға табысталған болатын. Осы жылдар ішінде өз алаңында мықты, халыққа танымал және халықтың сүйіктілері сыйлықтың лауреаттары атанып келеді. Ал, 2023 жылғы дауыс беруге 200 мыңнан астам адам қатысқан еді.

Марапаттардың қатарында құрметті және арнайы номинациялар да болды. Биылғы жылы Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне берілетін «Алтын ғасыр» құрметті номинациясы қазылар алқасы тарапынан бір ауыздан «Қаһармандар» республикалық қоғамдық қорының төрағасы Қасымов Сабыр Ахметжанұлына берілді. Сондай-ақ, «Ауыл футболы» балалар спорттық жобасы «Табыс және даму» номинациясы бойынша марапатталды.

Димаш Құдайберген «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының үш дүркін иегері ретінде арнайы номинациямен марапатталды. Құрмет грамотасы мен арнайы сақина «DimashAli» шығармашылық орталығының директоры Қанат Айтбаевқа табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Қытайдағы жанкүйерлері өнер иесінің туған күніне орай бірқатар қайырымдылық акцияларын өткізді

Қытайлық Dears жанкүйерлер тобы Димаш Құдайбергеннің алдағы туған күніне орай оның гуманитарлық қызметін қолдау мақсатында Халықаралық көші-қон ұйымы қорына...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Алматы қаласындағы Балаларға паллиативтік көмек көрсету орталығында қайырымдылық акциясын өткізді

Димаштың туған күні қарсаңында жанкүйерлері дәстүрлі түрде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. “Phoenix Twitter Dears” халықаралық фан-клубы Алматыдағы онкологиялық ауруға...

Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы қоныс аударушылар лагерінен гуманитарлық үндеу жасады

Бангладешке гуманитарлық миссия аясындағы іссапары барысында БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының...

БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген босқындар лагерлеріндегі гуманитарлық операциялармен танысты

Димаш Құдайбергеннің Бангладешке жасаған гуманитарлық сапары туралы ақпаратпен бөлісуді жалғастырамыз. Бұл сапар барысында өнер иесі гуманитарлық бағдарламалардың жүзеге асырылу...

Ернат Наурыз, Темірлан Олжабай және Әбілмансұр Құдайберген EuroNews Culture “Орталық Азия даусы” жобасына қатысты

«Домбыраны жаһандық деңгейге шығару: қазақстандық дуэттің дәстүрлі аспапты заманауи форматта жаңғыртуы» атты EuroNews сайтында қазақстандық домбырашылар «Temirlan & Ernat»...