ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық «Magic of qobyz» - Елордада Олжас Құрманбектің алғашқы жеке...

«Magic of qobyz» — Елордада Олжас Құрманбектің алғашқы жеке концерті өтті

Басты жаңалық «Magic of qobyz» - Елордада Олжас Құрманбектің алғашқы жеке концерті өтті

«Magic of qobyz» — Елордада Олжас Құрманбектің алғашқы жеке концерті өтті

Қыркүйектің 15-і күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында қазақтың атақты қобызшысы Олжас Құрманбектің концерті өтті. Концертке қазақтың көне аспабын құрметтейтін өнерсүйгіш жанкүйерлер жиналды.

Концерт «Saz & Soul» қобыз виртуозы ішекті аспаптар оркестрі тобымен және қобызшы Санжай Әлмішевпен бірге орындаған Олжастың «Nomad» шығармасымен басталды.

Әйгілі фильмдерге арналған саундтректердің бірегей аранжировкалары көрермендерге әртүрлі оқиғалар желісін баяндап отырды. Қобыздың сиқырлы үндері «Дюна» фильміндегі құмның сырын ашса, «Батыл жүрек» пен «Гладиатор» фильмдеріндегі шайқас даласынан жүріп өтіп, «Сұлтан Сүлейман» (“Muhteşem Yüzyıl”) мен «Титаниктің» махаббат хикаяларын баяндап тыңдарманды мұңға батырды. «Миф» және «Тақтар ойыны» (“A game of thrones”) фильмдеріндегі қиял әлемі және қазақтың «Шал» фильмінің драмалық оқиғасын баяндады.

Бұл кеште Puza диджеймен бірлесіп орындаған Билли Эйлиштің «Lovely» және Лориннің «Tattoo» заманауи хиттерінің ремикстерін орындаған Олжас ұлттық аспаптың кез келген жанрда шырқалатынын көрсетті.

Кеш қонақтары домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз дуэті болып «Бастау» және «Әлем» композицияларын орындаса, Олжаспен бірге олар «Заман» атты ортақ хитін көрерменге паш етті.

Гитарист Мұрат Зайнула қазақтың «Дударай» әнін күтпеген интерпретациясымен көрерменді тәнті етті.

Әйгілі композитор Ренат Гайсин пернетақта мен мелодикада орындаған «Махаббат өзені» және «Angel love» атты төл туындыларымен көрермендерге ерекше сезім сыйлады.

Концерттің арнайы қонағы Димаш Құдайберген болды. Қонақтармен сәлемлесіп, Олжасты құттықтау сөзінде Димаш:

«Еліміздің мәдениетінің дамуына ерекше үлес қосып жүрген осындай досымның барына өте қуаныштымын. Болашақта Олжастың ізбасарлары мен шәкірттері дәл осындай үлкен сахналар мен ареналарда өнер көрсетеді деп сенеміз. Қазіргі қазақ мәдениетінде Олжастай қобызшылар жоқ деп есептеймін. Шығармашылық жолының ізбасарлары көп болсын деп тілейік»- деп тілек білдірді.

Димаш Олжастың өнерін қолдап, Олжас пен Темірланмен бірге Құрманғазының «Адай» күйін домбырамен орындады.

Соңғы жаңалықтар

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...