Мәнерлеп сырғанаушы Тсуёши Хонда Димаштың «S.O.S» шығармасымен өнер көрсетті

426

27 қыркүйек күні Жапонияда жас фигурист Тсуёши Хонданың Димаштың «S.O.S. d’un terrien en détresse » әуенімен орындаған шығармасы трансляцияланды. Шығарманы бұған дейін тек Токио мен жақын маңдағы көрермен ғана тамашалай алатын.  Үндескен ән мен мұз үстіндегі мың құбылған көрініс көрерменге ерекше әсер қалдырғаны соншалық  Димаштың әуенмен астарласқан  қойылым Жапонияға тарап кетті.

12 -13 қыркүйек күндері Жапониядағы әйгілі KOSÉ Shin-Yokokama мұз айдынында «Dreams on Ice 2020 Go for Tomorrow» шарасы өткен болатын. Дәл осы мұздағы армандар-2020 байқауында17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Тсуёши Хонда Димаштың «S.O.S. d’un terrien en détresse» әнінің ырғағымен өнер көрсетіп, күншығыс елінің жүрегін бірден жаулап алған болатын.

«Dreams on Ice» – бұл Жапониядағы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаттары, төрт құрлық чемпионаттары және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаттары секілді халықаралық жарыстардың жеңімпаздары қатысатын мұз үстіндегі шоу.

2005 жылы құрылған жобаға биыл 17 жыл болды. Жыл сайын «Dreams on Ice» шоуы мәнерлеп сырғанау шеберлерінің жанкүйерлерін арттырып келеді.

Әлемдегі пандемияға байланысты бұл жылы шоу көрерменсіз өтті және атауын өзгертті. Бұған дейін көпшілік «Dreams on Ice» деп білетін шой атауы «Dreams on Ice 2020 Go for Tomorrow» деп өзгерді.  Мәнерлеп сырғанау – Жапонияда көрермен асыға күтетін, қызығушылары басым спорт түріне жатады. Сондықтан бұл елде мәнерлеп сырғанаушылар да олардың жанкүйерлері де көп.

Хонда Лукас Тсуёши (ерлер арасындағы дара орындаушы) «Dreams on Ice 2020 Go for Tomorrow»  шоуына алғаш рет қатысып, өзінің жаңа қысқа да мазмұнды бағдарламасын ұсынды.

Оның мұз үстінде өзін еркін ұстауы мен сырғанау мәнерін талғаммен орындау стилі қазақстандық фигурист Денис Тенді еске түсіреді. Хонда айдынға шығар алдында спорт комментаторы Денис Тенді көпшіліктің есіне салды.

Хонда Тсуёши 2002 жылы Хёгода дүниеге келген. Бастауыш мектептің екінші классында оқып жүріп, мәнерлеп сырғанауға қызығушылығы артады. Спорттың бұл түрінен талай сынға қатысып, 2019 жылы ол Жапония чемпионатында 11 орынды иеленді. Жасөспірімдер арасындағы бүкіл Жапония біріншілігінде үшінші орын иегері. Болашағынан үміт күттірер фигурист.

Хонда Денис Теннің 2017-18 жылдар аралығындағы мұз айдынындағы өнерін көріп, оған құрметі арта түсті. Бұл шығарма жапондық спортшыға алға қарай адымдауына қатты әсер етті.

«Мені Денис Теннің орындау шеберлігі қатты шабыттандырды, сондықтан мен де өзімнің қысқа бағдарламамда осы әнмен орындағым келді. Ия, бұл мағынасы терең туынды, бірақ мен мұндай мәнді әндерді өз өнерім арқылы түсіндіргім келеді. Маған Денис Теннің ойыны өте ұнады, сондықтан мен бұл әнді үлкен құрметпен қолдандым. Мен көп жаттығамын және әр уақытта ең жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамын »,- дейді жас фигурист.

Dimash.Japan Fan Club