ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Мексика Димаш Құдайбергеннің концерттері алдындағы дәстүрлі pre-party кешінде әлемнің...

Мексика Димаш Құдайбергеннің концерттері алдындағы дәстүрлі pre-party кешінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген Dears жанкүйерлерін қарсы алды

Dears Мексика Димаш Құдайбергеннің концерттері алдындағы дәстүрлі pre-party кешінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген Dears...

Мексика Димаш Құдайбергеннің концерттері алдындағы дәстүрлі pre-party кешінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген Dears жанкүйерлерін қарсы алды

Мехико қаласы Димаштың екі концертінің алдында ұйымдастырылған дәстүрлі pre-party шарасына әлемнің түкпір-түкпірінен келген Dears қауымын ерекше ықыласпен қарсы алды.
Бұл кешке Димаштың Мексиканың түрлі штаттарынан және Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Гватемала, Доминикан Республикасы, Колумбия, Венесуэла, Эквадор, Перу, Боливия, Чили, Аргентина және Уругвай сияқты Латын Америкасы елдерінен келген 372 жанкүйері қатысты. Сондай-ақ кешке Сербия, Германия, Польша, Ресей және АҚШ қалаларынан келген жанкүйерлер де қатысты.

Кештің жүргізушілері – мексикалық әртістер Элиас Тоскано мен Хильде Руис өздерінің тартымдылығы мен таланттары арқылы көрерменнің назарын өздеріне бұрды. Кештің тақырыптық өзегі ретінде дәстүрлі мексикалық кермес алынған болатын. Ол ептілік пен сәттілікке негізделген 22-ден астам ойынды қамтыды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының ескерткіштері мен ұлттық нышандары бейнеленген карталармен өткізілетін лотерея да болды.

Кеш барысында 50-ден астам лотерея ойнатылып, мексикалық фан-клубтар мен Қазақстан Елшілігі ұсынған сыйлықтар табысталды. Олардың ішінде Магда Евангелистаның «Димашқа хаттар» кітабы, Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің литографиялары және Қазақстан шоколады да болды.

Музыкалық бағдарламада қонақтар Femenil Amazonas тобының жетекшісі Алехандра Карбаллидоның орындауындағы әйгілі «Bésame Mucho», «Historia de un Amor» және басқа да классикалық шығармаларды тыңдау бақытына ие болды.

«Tradición Mexicana» фольклорлық би ансамблі Оңтүстік Мексиканың дәстүрлі карнавал билерін қамтыған әсерлі көріністерін қойды. Мексикалық сопрано Сараи Кастаньеда Димаштың төрт әнін орындап, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Әнші әрі композитор Регина де Овандо доктор Хильда Вёлермен бірлесе жазған Димаштың «El Amor en Ti» шығармасының акустикалық нұсқасын орындады.

Кеш соңында би алаңында Димаштың ең серпінді әндері — «Tau Ishinde», «When I’ve Got You», «Golden», «Weekend», «Stranger» және «Give Me Your Love» шырқалды.

Кештің ең әсерлі сәті – Димаштың анасы, Светлана Айтбаеваның сахнаға көтерілген кезі болды. Қатысушылар оны ыстық ықыласпен, ерекше қошеметпен қарсы алып алды. Өз сөзінде Светлана Қайырқызы өз отбасының атынан ризашылығын білдіріп, Мексика халқының мәдени байлығы мен әуежайдағы жылы қабылдауларына ерекше алғыс айтты.

Оның сөздерін ағылшын тіліне Қазақстан Елшілігінің мәдениет жөніндегі кеңесшісі Ерлан Кубашев, ал испан тіліне доктор Хильда Вёлер аударды.

Кеш түн ортасына дейін жалғасып, Димаш Құдайбергеннің музыкасы арқылы жанкүйерлердің бойын ортақ қуаныш пен нәзік сезім биледі.

Мексикалық жанкүйерлер алдағы Димаш Құдайбергеннің концерттері жайлы өз әсерлерімен DimashNews редакциясымен бөлісті:

«Димаштың Латын Америкасына келуінің өзі керемет жағдай, арманымыздың орындалған сәті! Концерт жарияланған сәттен бастап, қуаныштан көз жасымды тоқтата алмадым. Алдағы концерттер ерекше болмақ, өйткені Мексика да, бүкіл Латын Америкасы да оны ерекше құрметтеп, шынайы жақсы көреді. Біз концертте соншалық энергия пен махаббат сыйлаймыз, Димаш оны міндетті түрде сезеді».

«Мексиканың солтүстігінде де, орталығында да, оңтүстігінде де Димаштың көп тыңдарманы жетерлік. Бүгін мұнда елдің түкпір-түкпірінен – Юкатаннан Тихуанаға дейін, бүкіл Мексика Республикасынан жанкүйерлері жиналды».

«Дәрігер ретінде мен Димаштың музыкасын оңалту жұмыстарында қолданамын. Оның дауыс диапазоны мен әуендік әсері адам ағзасына шипа береді, өйткені ол жүйке жүйесін сергітеді. Мен студенттер мен пациенттерге арналған көптеген шеберлік сабақтарын Димаштың музыкасына сүйеніп өткіземін».

«Мен алғаш естіген әнім – “S.O.S” еді. Сол сәтте Димаштың дауысы мені қатты толқытты, сонда мен: бұл – тағдыр, мен оның кім екенін білуім керек деп шештім».

«Қазақстан – өте мәдениетті ел. Димаш өз Отанын сүйіп қана қоймай, қазақ мәдениетін бүкіл әлемге танытып жүр. Енді Димаштың арқасында Қазақстан менің жүрегімде мәңгілікке орын алды».

Соңғы жаңалықтар

Уругвайдағы Димаштың жанкүйерлері балалар мен әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларға қолдау көрсету мақсатында екі түрлі қайырымдылық шара ұйымдастырды

Димаш Құдайбергеннің Уругвайдағы фан-клубы балаларға және әлеуметтік тұрғыдан осал жандарға көмек көрсетуге бағытталған бірқатар қайырымдылық іс-шаралар өткізді. Бұл бастамалар...

Димаштың портреттеріне арналған Берлиндегі көрме «Сәби» қоры үшін 1000 еуродан астам қаражат жинады

Берлинде өткен Димаш Құдайбергенге арналған жеке көрме Қазақстанның «Сәби» қайырымдылық қорына 1000 еуродан астам қаражат түсірді. DimashNews редакциясы көрме...

Димаштың мексикалық жанкүйерлері су тасқынынан зардап шекккен Веракрус тұрғындары мен Халықаралық көші-қон ұйымына қолдау көрсетті

15 қараша күні Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері қайырымдылық мақсатында қаржы жинау акциясын өткізіп, оның нәтижесінде 8 400 мексикалық песо...

Димаш Құдайберген Берлин телеарнасына сұхбат берді

14 қарашада Берлиндегі жеке концерті аяқталғаннан кейін Димаш Құдайберген TV Berlin телеарнасына сұхбат берді. Осы ғаламат концерт үшін мың алғыс....

Димаш Құдайберген Мысырдағы концертінің алдында сұхбат берді

30 қарашада Гиза қаласында өтетін «The Pyramids Echo» фестивалі аясында Димаш Құдайберген екі сағаттық жеке концерт қояды. Мысырдағы жаңа...