ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Менің ойымша, сіз әлемді өзгерту үшін дүниеге келгенсіз». Димаш...

«Менің ойымша, сіз әлемді өзгерту үшін дүниеге келгенсіз». Димаш Мажарстандағы Virtuosos V4+ таланттар шоуының қазылар алқасында

Dimash World «Менің ойымша, сіз әлемді өзгерту үшін дүниеге келгенсіз». Димаш Мажарстандағы Virtuosos V4+...

«Менің ойымша, сіз әлемді өзгерту үшін дүниеге келгенсіз». Димаш Мажарстандағы Virtuosos V4+ таланттар шоуының қазылар алқасында

26 қаңтарда Virtuosos V4+ таланттар байқауы арнасында жобаның халықаралық финалының екінші бөлімі шықты. Димаш Құдайберген бұл шоуға алғаш рет қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысты.

Барлық жастағы адамдардың музыкаға деген сүйіспеншілігін арттыратын нәзік, талғампаз сезіммен сусындаған бірегей жоба Будапешттегі Франц Лист академиясында әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушыларды, оқытушыларды және танымал музыканттарды бір арнаға тоғыстырды.

Жобаның финалистері Венгрия, Польша, Словакия, Украина және Чехиядан келген жас музыканттар болды. Үлкен сахнадан фортепиано, кларнет, гобой, скрипка, арфа және «Сен әлемді өзгерту үшін дүниеге келгенсің” деп Димаш баға берген байқаудың ең кішкентай қатысушысы Амелия Анисовичтің сыңғырлаған үні естілді.

Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін жан-жақты және кәсіби түрде бағалап, болашақ шығармашылық жолдарына бағыт-бағдар беріп, мәнді де маңызды кеңестер берді. Көптеген қатысушылар қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Соның ішінде, гобойда ойнайтын Польшадан келген қатысушы Малгорзата Циешко Димаштың жеке концертіне арнайы шақыру алды.

Шоу финалында халықаралық қазылар алқасының музыканттары Эрика Миклос, Димаш Құдайберген, кіші Пласидо Доминго, Элина Нечаева, классикалық гитарист Петар Кулич, конкурсант (ЖЕҢІМПАЗ?) Амелия Анисович, жетекшілігімен Паннон филармониялық оркестрінің сүйемелдеуімен, Петар Пейчиктің басқаруымен Майкл Джексонның әйгілі «Heal the World» шығармасын орындады.

 

Димаш пен маэстро Пласидо Домингоның Зурга мен Надир дуэтімен Джордж Бизенің «Les pêcheurs de perles» («Інжу жинаушылар») операсынан «Au fond du Temple Saint» («Әулие ғибадатхананың тереңінде») орындауын Virtuosos V4+ финалының бірінші эпизодын әншінің жекеарнасын қарай аласыз.

 

4 мамырда Будапештте Димаштың «Stranger» жеке концерті өтеді. Жақында Венгрияда кездескенше!

https://www.ticketportal.hu/event/DIMASH

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...