ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Mezzo: сәттілік сценарийі

Mezzo: сәттілік сценарийі

Dimash World Mezzo: сәттілік сценарийі

Mezzo: сәттілік сценарийі

Қазақстандық Mezzo квартеті өз елімізде ғана емес, шет елде де танымал. Сондықтан топтың «Жаңа толқын» байқауына қатысқаны туралы жаңалыққа көпшілік елең етіп, қуана қабылдады. Маңызды финалға дейін вокалистер қандай жұмыс атқарды?

Бұл сұқбат DK Media World редакциясына «Жаңа толқынға» 100 күн қалғанда берілді. Қазақстанның талантты вокалистері Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жанторғановтың байқауға қатысатыны мәлім болғанда бірден олардың жоспары туралы әңгіме өрбіді.

«Жаңа толқын» туралы.

– Неліктен «Жаңа толқынға» қатысуға шешім қабылдадыңыздар ?

– Біз үшін байқауларға қатысып отыру маңызды, өйткені біздің жанрда хиттердің арқасында танымал болу мүмкін емес. Бұл әуесқойларға арналған жанр. Бүгін диск шығарып, таңда танымал бола салу бізге жат. Сондықтан, біз байқауларға қатысып, өзімізді көрсетуіміз керек. Біздің тыңдармандарымыз бізді жақсы көретініне сенімдіміз, сондықтан олар тек бізді тыңдауы керек.

-Тыңдармандарыңыздың дені қай жақтан?

– Біздің YouTube арнасының статистикасына қарағанда, бізді көбіне Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Украина мен Түркияда көреді.

– Биыл Димаш «Жаңа толқынның» қазылар алқасы құрамында болады. Қалай ойлайсыз, оның төрелік етуі оңай бола ма, әлде қиын ба?

– Біз әділқазылар құрамынан әріптесімізді, әсіресе өзін әлемге дәлелдей білген жерлесімізді көргенімізге қуаныштымыз.

Біз Новая Волнаға бару не бармау туралы ойланып жүргенде, Димаш қазылар алқасында болады деген ақпарат шықты. Біз бірден қатысамыз деп шештік. Жерлесіміз арқылы жеңілдік іздеп, жеңістен дәмеленгеннен емес өйткені бұл байқауды Димаштың әлем бойынша миллиондаған Dear-лары тамашалайды. Осы миллиондаған адам бізді де танитын болады, өнерімізді тамашалай алады.

Топ туралы

– Mezzo атауы нені білдіреді?

– «Алтын орта». Біздің топта екі эстрада әншісі мен екі академиялық әнші бар. Осылайша, біз бірге эстрада мен классика арасында көпір құрдық.

– Топ қалай құрылды?

– Біріміз хабарландыру бойынша келдік, енді бірі шақыртумен. Бірақ біз шынымен де осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанда өткен «X-factor» байқауына қатысқан кезде топқа айналдық десек те болпды.

– Сізді топтастырған не?

– Біз бір -бірімізді жақсы ұғынамыз. Ән жазған кезде нотаны біркелкі аяқтауды дем арқылы түсінеміз. Сондай -ақ, бізде бір-бірімізбен немесе продюсермен келісімшарт жоқ. Біз өз еркімізбен біріккен жандармыз.

– Репертуарларыңыздағы сүйікті ән?

– Ең сүйікті әндер Мүсілім Магомаев немесе Батырхан Шүкеновтың репертуарынан. Бізге халық әндері ұнайды, мұнда импровизация мүмкіндігі бар, өйткені музыкадағы импровизация – бұл барлық музыканттар ұмтылатын бостандық нүктесі.


– Қай композитормен жұмыс жасағыларыңыз келеді?

– Бізге әр түрлі адамдар жазады, біз әлі де өз жанрымыз бен стилімізді іздеудеміз. Егер сіз біздің альбом One Mezzo альбомын тыңдайтын болсаңыз, онда әр түрлі әндер бар: батырлық эпосынан K-POP стиліндегі шығармаларға дейін. Біз музыкадағы кез келген эксперименттерге дайынбыз, негізінен классикалық кроссовер стилінде ән айтамыз, бұл өте кең жанр.

Біз Қазақстандағы әр түрлі композиторлармен жұмыс жасауға тырыстық. Біреуі бірден: «Бұл жанрда ештеңе істей алмаймын» десе басқасы«тырысамын» деп ешнәрсе жасай алмады. Бізге кейбір адамдар хабарласып, ән әкелген уақыттар болды. Өзіміз кейбір композиторларға шығып, бірлесе әрекет жасауға тырыстық, бірақ нәтежие бермеді. Өкінішке орай, Қазақстанда әбден танымал болмайынша саған мән бермейді. Бұл конкурс не үшін қажет деген сұраққа тағы бір жауап.

– Сіз Mezzo жаңа образын қалай көресіз?

– Шаштары қайырылып, сәнді, ұқыпты киінген үлкен сахнадағы төрт жігіт. Өнерлерін көрсетіп болып қуаныштан көздеріне жас алып өздері күткен сценарийдің бір бөлігі орындалғанын түсініп тұр.

Соңғы жаңалықтар

Бәйтерек жанындағы қойылымдар: Қазақстан астанасы Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon шоуын қарсы алды

Астана – болашақтың қаласы, әлемдегі ең жас астаналардың бірі. 2026 жылғы 9 сәуірде елорда Димаш Құдайбергеннің Voice Beyond Horizon...

Қазақстанда өткен Димаш Құдайбергеннің жаңа сұхбаты

Freedom Inside форумы аясында Димаш Құдайберген Tatler Kazakhstan бас редакторы Анара Кукиеваға сұхбат берді. Әңгіме басында алғашқы сұраққа жауап бере...

Димаш Кудайберген Freedom Inside форумына қатысты

2026 жылы 9 сәуірде Астанада алғаш рет Freedom Inside форумы өтті. Пікірталас алаңының жұмысына шақырылған амбассадор ретінде Қазақстанның Халық...

Бакир Тәжібаев: әндері халықтың үніне айналған ақын

Өскемен қаласы, Шығыс Қазақстан өңірі, 2026 жылғы Наурыз айы. Республика алаңында көпшілікке кеңінен танымал «Ақбұлақ» әні шырқалуда. Аталған туындыны...

Домбырашылар «Temirlan&Yernat» дуэті және Абильмансұр Құдайберген Түркістан, Шымкент және Ақтөбе қалаларында өнер көрсетеді

Түркиядағы «Bridge TV need for fest», Израильдегі «Music World» және АҚШ-та өткен «World Championship» байқауларының жеңімпаздары, сондай-ақ әуендері Air...