ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Мәдениет Музыка, технология және жаһандық идеялар: Асар Қадырмен сұхбат

Музыка, технология және жаһандық идеялар: Асар Қадырмен сұхбат

Әлем Мәдениет Музыка, технология және жаһандық идеялар: Асар Қадырмен сұхбат

Музыка, технология және жаһандық идеялар: Асар Қадырмен сұхбат

Бала кездегі арман мен Universal Music әртістерімен бірлесіп жұмыс жасау арасында байланыс бар ма? Музыка үшін не себепті дипломатияға және ең батыл идеяларға сену маңызды? Асар Қадыр DimashNews редакциясына берген сұхбатында Астанадан халықаралық жобаларға дейінгі өнер жолы, елдер арасындағы мәдени көпірлер және индустриядағы батыл эксперименттер туралы.

Асар, балалық шағыңыз туралы және қазіргі таңда айналысып жатқан салаңызға қалай келгеніңіз туралы айтып берсеңіз.

– Менің балалық шағым өте бақытты өтті. Мен Астанада халықтар достығы байланыстырған ерекше отбасында дүниеге келдім, сондықтан бала кезімнен менің бойымда әртүрлі мәдениеттерге деген қызығушылық, толеранттылық пен сезімталдық деген сезімдер басым болды. Менің алғашқы кітабымдағы әңгіме тарихтағы алғашқы глобалист тұлға Александр Македонский туралы болды. Ол менің балалық шағымның кумирына айналды.

4-сыныпқа дейін қазақ сыныбында Абай Құнанбайұлының классикасын оқып тәмамдадым. Оның әкесі Құнанбай Өскенбайұлы – Қарқаралы аға-сұлтаны, дана би және меценат. Сондай-ақ, ол менің әкемнің бабасы болып саналады.

Мектепте менің пікірталасқа деген қызығушылығым ерекше болды. БҰҰ моделі бойынша команда капитаны болдым. Содан кейін мен алғаш рет «жұмсақ күш» тұжырымдамасымен танысып, мәдениеттің елдің имиджін қалыптастыратыны, инвестицияларды тартатыны және әлемдік экономикаға әсер ететіндігі туралы көп ақпарат жинадым. Менің креативті индустрияға деген жолым осылай басталды.

Сіз АҚШ пен Канадада көп уақыт өткіздіңіз. Бұл елдер сізге өзіндің әсерін тигізді ме?  

– 13 жасымда мен АҚШ-қа бірінші рет бардым, содан кейін әр жазымды сол жерде өткіздім. 2018 жылы маған шоу-бизнес саласындағы әлемдегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі – Berklee College of Music бағдарламасын ұтып алу бұйырды. Онда мен «Slumdog Millionaire» фильміне саундтрек жазған үндінің ұлы композиторы А. Р. Рахманның ұлы А. Р. Аминмен таныстым. Оның Үндістанның шығармашылық индустриялары туралы әңгімелері алты жылдан кейін біздің компания Мумбайдағы канадалық сауда миссиясына қатысқан кезде маған ерекше көмектесті.

Канада маған, сондай-ақ, құнды байланыстар берді. Мен HXOUSE – The Weeknd, Google және YouTube шығармашылық сала мамандарына арналған платформаның бір мүшесі болдым. Торонтода мен серіктесім бұрын Джеффри Хинтонның өзі нейрондық желілерді зерттеген зертханада жұмыс істейтін жасанды интеллект маманы – Назар Поночевпен кездестім.

Музыка индустриясына сізді не қызықтырды? Бұл сіздің өзіңіз қалап таңдаған сала ма?

– Музыка – халықтарды біріктіретін әмбебап тіл. Ол маған әрқашан Батыс пен Шығысты байланыстыратын күшті құрал болып көрінді. Сонымен қатар, бизнес тұрғысынан қарағанда, музыка индустриясы технологиялар мен медиа әлеміне есік ашады.

Менің балалық шағымның екінші кумирі өз бизнесін Virgin рекордтық белгісімен бастаған Ричард Брэнсон болды. Кім біледі, мүмкін біздің Harmix Group холдингі де осындай сценарий бойынша дамитын шығар.

Metalworks Institute оқуынан қандай сабақ алдыңыз?

– Ең бастысы – эксперименттерден қорықпау. Metalworks-те мен өндіріс, дыбыс инженериясы, MIDI және Dolby Atmos-пен жұмыс істеуді меңгердім. Онда мен армяндық дудук немесе арабтың уды сияқты этникалық аспаптарды Roland TR-808 барабан машиналарымен біріктіруді үйрендім.

Қазір менің жұмысым музыка жазумен тікелей байланысты болмаса да, мен мәңгі іштей өнер иесі болып қала беремін. Жоғары тәуекел – жоғары сыйақы.

Технология мен креативтің қиылысында Индустрия қандай қиындықтарға тап болады?

– Басты сын-қатерлердің бірі – жасанды интеллект этикасы. Бүгінгі таңда алгоритмдер суретшілер мен музыканттардың жұмысының үлкен дерекқорларын қолдана отырып, бірнеше секунд ішінде музыка, суреттер мен бейнелер жасай алады. Бұл көбінесе олардың келісімінсіз және өтемақысыз болып жатады.

Біздің ойымызша, авторлар өз жұмыстары ЖИ-ні оқыту үшін пайдаланылып жатса, демек олар әділ сыйақы алуы керек. Осыған орай, біздің жасанды интеллект этикалық түрде оқытылды және біз оларды алмастырудың орнына креативті мамандарға көмектесетін технологияларды қолдаймыз.

Қандай халықаралық серіктестермен жұмыс істеуге ерекше қызығушылық таныттыңыз?

– Әрине, Universal Music Group. Біздің NYX платформасы олардың канадалық бөлімшесімен әңгіме-сұхбат кезінде пайда болды. Бұл музыканың әлеуетін ол шыққанға дейін тексеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, біздің Your Life’s Soundtrack жобасы UMG әртісі Стив Баракаттың қатысуымен басталды. Біз оның композицияларын пайдаланушының көңіл-күйіне, орналасқан жеріне және ауа-райына сәйкес келетіндей алгоритм жасадық. Мысалы, Егер сіз Киотода болсаңыз, алгоритм Divine Inspiration from Kyoto ұсынады, ал егер Нью-Йоркте болсаңыз – A Night in New York City ұсынады.

Сізді ерекше таң қалдырған мәдени ерекшелік болды ма?

– Жапонияда музыканың 80%-ы әлі күнге дейін физикалық медиа CD-дискілерде тұтынылатыны мені таң қалдырды. Жапондықтар материалдық заттарды, әсіресе коллекциялық басылымдарды бағалайды. Дискілер көбінесе эксклюзивті фото буклеттермен, плакаттармен немесе жарық көрмеген видеолармен бірге жүреді, ал жанкүйерлер олардың ондаған түрін бірден сатып алады. Бұл әртіске қаржылық қолдау немесе адалдықты білдіретін «оши» мәдениетінің бөлігі.

Сіз Канададағы ең үлкен студияда жұмыс істедіңіз. Өзіңіз күтпеген қандай да бір  тәжірибелер болды ма?

– Metalworks Studios – та қабырғаларда Принс, Дэвид Боуидің алтын және платина дискілері ілулі. Бірде студия администраторы маған ілінетін жері жоқ ондаған пластинкалардың қоймада жатқандығы туралы айтты.

Бірақ ең күтпеген танысу музыкантпен емес, 2023 жылы мен студияда Онтарио Премьер – Министрі Даг Фордпен кездестім. Студия иесі Гил Мур оған жеке экскурсия жүргізіп, индустрияның қалай жұмыс істейтінін көрсеткен болатын.

Сіз жұмыс істегіңіз келетін, арманыңыздағы әртіс бар ма?

– Менің фаворитім – Андреа Бочелли. Сондай-ақ, классиканы жақсы көремін. Менің мақсаттарымның бірі – Your Life’s Soundtrack платформасында Ханс Циммермен жұмыс істеу. Оның музыкасы жеке музыкалық тәжірибе тұжырымдамасы үшін өте қолайлы.

Егер кері шегініс жасап, өзіңіздің мансап жолыңыздың бастауында тұрған болсаңыз, өзіңізге қандай кеңес берер едіңіз?

– Тіпті ең нашар болып көрінген идеялардың өзі мүмкін екеніне сену. Мысалы, Біз Universal Music MENA, UNICEF және Қазақстанның Канададағы Елшілігімен жұмыс жасай отырып, екі айдың ішінде Астана Операда Стив Баракаттың Тарихи концертін ұйымдастырдық.

Бұл бір кездері шындыққа жанаспайтын болып көрінуі мүмкін еді. Бірақ Хавьер Милей айтқандай: «Ақылсыз мен данышпанның айырмашылығы – сәттілікте».

Жаһандық нарыққа шығатын стартаптарға қандай кеңес берер едіңіз?

– Өз идеяларыңызды қайта жаңғыртудан қорықпаңыздар. Мысалы, YouTube алғашқы кезде – танысу сайты ретінде, ал Netflix – DVD жеткізу қызметі ретінде ойластырылған.

Ең бастысы пайдаланушылармен мүмкіндігінше көп сөйлесу керек. Тек диалогта ғана нағыз инсайттар пайда болады. Біздің NYX және Your Life’s Soundtrack платформаларымыз осылай дүниеге келді. «Қазір біз өз технологиямызды «ақылды үйлерге», электромобильдерге, тіпті интерактивті мұражайларға біріктіру әлеуетін көріп отырмыз». Ең бастысы, әрдайым жаңа мүмкіндіктерге дайын болу керек.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің Астанадағы «Stranger» концерті Қазақстан кинотеатрларында көрсетіл

27 мамырда Қазақстан кинотеатрларында Димаштың "Stranger" атты жеке концерті шығады! Премьера қарсаңында, 26 мамырда Almaty Arena сиадионында қазақстандық әртістің Dears...

Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» әні халықаралық музыкалық рейтингтердің қатарында

Бір ай бұрын, 7 наурызда әлемдік музыка алаңдарда Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Love's Not Over Yet» әнінің премьерасы өтті. Ән...

Музыка, технология және жаһандық идеялар: Асар Қадырмен сұхбат

Бала кездегі арман мен Universal Music әртістерімен бірлесіп жұмыс жасау арасында байланыс бар ма? Музыка үшін не себепті дипломатияға...

Димаш Құдайберген «Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының ашылуында өнер көрсетті

2025 жылдың 5 сәуірінде Димаш Құдайберген Қазақстанның Ақтау қаласында «Түркі әлемінің мәдени астанасы – 2025» жобасының ашылуы аясында өнер...

Димаш Құдайберген Словения Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Ақордада өнер көрсетті

31 наурызда Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келді. Ақорда резиденциясында бірқатар іс-шаралар өтті. Салтанатты қабылдауда Қазақстанның...