ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық "Олар менің жанымның серігі": Зарина Божакова "Saz&Soul" тобының солисті...

«Олар менің жанымның серігі»: Зарина Божакова «Saz&Soul» тобының солисті атанды

Басты жаңалық "Олар менің жанымның серігі": Зарина Божакова "Saz&Soul" тобының солисті атанды

«Олар менің жанымның серігі»: Зарина Божакова «Saz&Soul» тобының солисті атанды

24 мамырда қазақстандық «Saz&Soul» тобының ресми Instagram-аккаунтында жаңа солисттің құрамға қабылданатыны туралы жарияланды. Ол – Димаш Құдайбергеннің БЭК-вокалисті Зарина Божакова.

«Saz&Soul» вокалдық-аспаптық тобының құрылу тарихы осыдан 10 жыл бұрын, композитор Әділжан Толықпаев авторлық туындыларды орындау үшін, сондай-ақ қазақтың халықтық және танымал композицияларына кәсіби каверлер жасау үшін кәсіби музыканттардан тұратын ұжым құру туралы армандай бастаған кезде басталды.

Әділжан бұрыннан бар әндерге жаңа стиль, табиғат пен мінезді енгізу үшін өзінің бірегей аранжировкасымен каверлер жасағысы келді.

Алматыда композитор «Saz&Soul» алғашқы құрамын жинады, оған консерваторияда оқыған жоғары кәсіби музыканттар кірді. Алайда, Нұр-Сұлтанға көшкеннен кейін ескі құрам таратылып, елордада жаңа топ құруға тура келді.

Жұбайы музыкант Шырын Базарқұловамен бірге олар музыканттарды 2017 жылы құрылған топқа мұқият іріктеуді бастады. «Saz&Soul» тобы ондағы барлық музыканттардың классикадан джазға дейін, джаздан фанкке дейін және т.б. кез келген стильде және жанрда ойнай алатындығымен ерекшеленеді.

Топтың алғашқы солисті жақында өзінің шығармашылық мансабын жеке дара жалғастыру үшін құрамнан кеткен Салтанат Меңдіғалиева болды.

«Заринаны біз көптен бері бақылап жүрміз. Біз оның Димаштың командасында БЭК-вокалист болып жұмыс істейтінін білдік. Біз оны әрдайым орындаушы, музыкант, сондай-ақ адам ретінде жақсы көрдік. Алғаш танысқан кезде Зарина екеуміз «Егіз Лебіз» телевизиялық жобасында бірге жұмыс істедік, онда біз музыка мен шығармашылыққа деген көзқарастарымыз толығымен сәйкес келетінін түсіндік. Сондықтан, «Saz&Soul» жаңа солисті кім болады деген сұрақ туындаған кезде, біз Заринадан басқа ешкім ұжымға жараспайды деп шештік», – деп бөлісті Шырын Базарқұлова.

Маэстро Әділжан Толықпаев жаңа шығармашылық тандемнен жемісті және табысты жұмыс күтеді:

«Зарина – теориялық білімі, керемет есту қабілеті және адами қасиеттері жоғары өте мықты музыкант. Болашақта біз тыңдармандарымызбен тек фирмалық және сапалы музыкамен бөлісуді жоспарлап отырмыз».

«Saz&Soul» тобының алдында көптеген жоспар мен мақсат бар. Ең негізгілерінің бірі – халықаралық шоу-бизнеске шығуға тырысу. Қазір ұжым тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және ағылшын тілдерінде де жаңа әндермен жұмыс істеуде.

13 маусымда Нұр-Сұлтандағы «Қазақстан» Орталық концерт залында «Saz&Soul» тобының жаңа құрамдағы алғашқы жеке концерті өтеді. Концерттің репертуары Шырын Базарқұлованың, топтың бас гитаристі Азамат Темірбаевтың, сондай-ақ Зарина Божакованың авторлық әндерінен тұрады.

«Маэстро Әділжан Толықпаев Шырын Базарқұловамен бірге мені топтың солисті ретінде көргісі келетіндерін айтқан кезде, мен үшін бұл керемет сезім болды. Олар мені кастингке шақырды, мен топтың репертуарынан бірнеше шығарманы орындаған кезде, менің топқа қабылданатыным туралы түпкілікті шешім қабылданды. «Saz&Soul»-мен жұмыс істеу мен үшін үлкен ғанибет. Құрамның әрбір мүшесі – менің жанымның серігі, менің бөлшектерім. Біздің мінезіміз, өмірлік ұстанымдарымыз және шығармашылық көзқарастарымыз сәйкес келеді. Қазір біз авторлық композициялармен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біздің болашақ жұмыстарымыз тыңдармандарымыздың көңілінен шығады деп үміттенеміз!»,- деді Зарина Божакова.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әндері Венгриядағы iTunes музыкалық чартының ТОП-5 қатарына енді

Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шаралар аясында Венгриядағы Dears iTunes платформасында өнерпазға кең ауқымды қолдау көрсетті. Нәтижесінде...

Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай Индонезия астанасындағы LED-экрандар жарқырай жанды

2026 жылғы 24 мамыр, жексенбіде Indonesian Dears Димаш Құдайбергеннің туған күніне ерекше тосынсый әзірледі. Махаббатқа, құрмет пен шынайы қолдауға...

«DimashAli» шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік турының басталатынын хабарлайды.

Бүгін біз турдың алғашқы күндерін ұсынамыз. Концерттік кесте толықтырылып отырады, ал жақын арада жаңа қалалар мен концерт күндері жарияланады. Сондай-ақ,...

Мадридте Димаш Құдайберген мен оның Испаниядағы жанкүйерлері туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

30 мамыр күні Мадрид қаласында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның испандық жанкүйерлер қауымдастығына арналған «Al Compás de Su Voz»...

Димаш Құдайбергеннің атымен жүзеге асырылып жатқан табиғатты қорғау бастамаларына Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы Dears өкілдері қолдау көрсетуде

2026 жылдың мамыр-маусым айларында Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы Dears сүйікті өнерпаздарының туған күніне тарту ретінде ормандарды қалпына келтіру бағытындағы...