ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Omir Oter» әнінің бейнебаяны жарыққа шықты

«Omir Oter» әнінің бейнебаяны жарыққа шықты

Dimash World «Omir Oter» әнінің бейнебаяны жарыққа шықты

«Omir Oter» әнінің бейнебаяны жарыққа шықты

Қазақстанның тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойының қарсаңында «Хабар» телеарнасында Димаш Қгдайбергеннің жаңа сезімтал әні «Omir Oter» таныстырылды. Туындының қалай шығарылғаны жайлы көбірек DimashNews-та оқи аласыз.

Алғаш рет «Omir Oter» драматикалық әні 2021 жылы 16 қаңтарда Dimash Digital Show онлайн-концертінде орындалды. 15 желтоқсанда осы туындыға арналған бейнебаян «Хабар» телеарнасының эфирінде таныстырылды, ал 16 желтоқсанда көрермендер оны Димаш Құдайбергеннік ресми YouTube-арнасында көре алатын болды.

«Omir Oter» әнінің тарихы

Музыка авторы Ренат Гайсин кешкі Алматыда көлікте келе жатқан сәтінде күтпеген жерден бұл әуен санасында ойнай бастағанын  қуана еске алады. Ол тіпті әуенді жазуға мәжбүр болмады, өйткені ол бірнеше ай бойы оның ойында қайталанып, өзін үнемі «еске түсіріп отырды».

Ренатты осындай жантебірентерлік композицияны жасауға не шабыттандырды деген сұраққа музыкант бірден әкесі мен оның нақыл сөздерін есіне алады. Бала кезінен ол ұлына бір күні ол міндетті түрде маңызды, композитордың шынайы ішкі жан әлемі туралы айтатын дүние жазуы керек деп шабыттандыратын.

Ренат Гайсиннің айтуынша, «Omir Oter» әні ұзақ уақыт бойы жарыққа шықпады. Тек 2021 жылы ғана ол Димаш Құдайбергеннің орындауында көрермендер назарына ұсынылуын күтті.

Өзі үшін композитор «Omir Oter» өмір туралы өлең деп атайды. Өмірінің мәні туралы кем дегенде бір рет ойлаған кез-келген адамның өмірі туралы өлең.

Ренат аранжировканы Димаш пен Ерлан Бекчуринмен бірге жасаған. Күн сайын олар студияда жұмыс істеді, болашақ әннің дыбысына енгісі келетін барлық нәрсені ойлады.

«Omir Oter» сөзінің авторы белгілі қазақстандық ақын Талант Арынғали болды.

«Талант – көптеген хитке айналған әндерге әдемі мәтіндер жазып жүрген қазіргі заманғы ең танымал ақындардың бірі. «Omir Oter» әнінде біз онымен екі-үш күн жұмыс жасадық. Мені және Димашты ести отыра, нағыз дарын, данышпан сөз авторы ретінде осы мәтінге жүрегі мен жанын салды», – деп бөлісті Ренат.

«Omir Oter» әніне арналған бейнебаян

Бейнебаян «Хабар «агенттігінің тапсырысы бойынша түсірілді. Нәтижесінде, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Димаш шығармашылығының жанкүйерлеріне сыйлық жасау идеясы нақты ерекшеліктерге ие болды.

«Omir Oter» музыкалық бейнебаянының құрылу тарихы мен түсірілімі туралы хабарды оның режиссері Анна Обоянская ашып айтып берді.

Алғашқы секундтан бастап көрермен алдына үлкен салтанатты театр залы көрінеді. Ол бос, тек кейде әр түрлі жастағы және жыныстағы адамдар пайда болады, бұл адамның осы өмірге келетінін және жалғыз қалатынының белгісін көрсетеді.

Уақыттан тыс адамның бейнесі барлық адамдарды «Ол» залында біріктіреді. Димаш – өмірді жырлап, тұтас халықтың өткені мен болашағын өзінен өткізетін батыр.

Бұл жағдайда болашақ футуристік жарқыраған портал түрінде оның артқы жағында тұр. Бейнебаян бойы Димаш аскетикалық минималистік қара-ақ портал (белгісіз болашақ) мен түрлі-түсті зал (жарқын болашақ және бай өткен) арасында айналады.

Өмірге келген көрнекті тарихи тұлғалар халықтың аңызға айналған өткенін еске алады. Олар замандастарының ұрпағы сияқты, олардың алдында сахнада тұрған ұрпақтарын шабыттандырады.

«Бейнебаянда әр түрлі дәуірдегі, жастағы, жыныстағы, таптағы адамдар бейнеленген. Олардың өмірден өткеніне біраз уақыт болған, бірақ өзінен кейін ұлы мұра қалдырған аты аңызға айналған тұлғалар және әлі де өз жолынан өтіп, жаңа шыңдарға қол жеткізуге тура келетін қазіргі Қазақстанның қарапайым жас тұрғындары», – дейді Анна Обоянская.

Бейнебаянның айналмалы фигурасы – қарт адам, оның жүзі бірден көрінбейді. Ол бос залдан өтеді, оның әр қимылында ностальгия оқылады, ол бұрын осында болған сияқты сезіледі. Негізгі сәтте көрермен Димаштың бар екенін, бірақ ол кезде Димаштың қартайған шағы екенін түсінеді.

Өмірлік тәжірибесі бар ересек адам және энергия мен ұмтылыстарға толы жас жігіт – біртұтас дүние. Көрермендер залындағы қария сахнадағы өзінің жас күніндегі кезіне қарайды, бүкіл өмірі оның көз алдында өтеді. Бұл сәт әртістің күндердің бір күні ол да көрермендер залында қарапайым көрермен ретінде отыратындығын және өткен өмір жолынан ұялмауы керек деген дәйексөзін білдіреді.

Бейнебаянның соңғы кадры көрермендерді қайтадан театр залының атмосферасына қайтарады, ол өмірге келе бастайды және одан да көп адамдар пайда болады. Сонымен қатар, әртістің өзі осы жердегі және қазіргі өз көрермендеріне барады.

Бұл жол аяқталмайды…

Соңғы жаңалықтар

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...