Осетин арфасы дуадастанонның құпиясы

1578

Солтүстік Осетия – Алания – Ресей құрамындағы шағын таулы республика. Ұлы қар жоталарымен қоршалған Кавказ жүрегі. Осетин халқы ежелден баға жетпес ұлттық мәдениетін ғасырдан ғасырға жеткізіп келеді.

Мұндағы музыкалық фольклор қайталанбас әндерімен, әңгімелерімен және аңыздарымен бай, ал ұлттық музыкалық аспаптар осетин халқының рухани мәдениетінде аса маңызды рөл ойнайды. Бүгін біз Солтүстік Осетияның мақтанышы, керемет аспап Дуадастанонмен танысамыз.

фото: Фатима Абаева

Дуадастанон (екпін соңғы буынға түседі) немесе алан-осетиндік арфа – Солтүстік Кавказдың ежелгі музыкалық аспаптарының бірі. Бұл бұрышты арфаның бір түрі, ежелгі аландардың (осетиндердің) ішекті аспабы.

Аспап құрылымы қарапайым: дыбыс шығаратын тегіс резонатор қорап тәрізді, жарты метрден сәл үлкен доға тәрізді 12 ілмегі бар иілген гриф. Аттың жалынан жасалған ілмектер дыбысын келтіреді. Бүгінде аттың жалынан емес, жасанды синтетикалық нейлон ішектен әзірленеді. Аспаптың 8 дискантты және 4 бас ішегі болады. Ішек қысқа болған сайын, өзге аспаптардағыдай дауысы да зор. Диатоникалық жолы бар.

фото: Анна Кабисова

Осетиндік арфаның тағы бір ежелгі әрі керім естілетін атауы – «он екі ішек». Дыууадас – 12, тан – ішек дегенді білдіреді. Латынның duodecim сөзі – 12 және tangite – ішек мағынасын білдіре керек.

Аспаптың корпусы әдетте тұтас, кептірілген ағаштан, көп жағдайда үйеңкіден жасалады. Гриф пен корпусты шеберлер безендіріп, жазу жазады. Грифтің бір шеті аттың немесе құстың бас бөлігіне ұқсас келеді. Корпусында шағын резонатор қуыстары бар.

Аландардың ежелгі нартс эпосы дуадастанон аспабының пайда бол тарихы туралы сыр шертеді. 12 ұлы мен әйелінен айырылған Сырдон өзінің қатыгездікпен өлтірілген балаларының тамырынан он екі ішек жасап, оны үлкен ұлының қолына керіп тартады. Осылайша мұңға толы арфа-фандыр пайда болған деседі. Көнекөз қариялардың айтуынша, бұл аспапта соңғы болып Гаха Сланов ойнаған көрінеді.

фото: Анна Кабисова

Орындаушы (дуадастанонда тек ер адамдар ойнаған) ішектерді екі қолымен тартады. Дуадастанон аспабының көмегімен нарт халықтық ертегілері, махаббат дастандар мен, лирикалық және балалар әндері сүйемелденеді.

Бір кездері әрбір шаңырақтың сәніне айналған дуадастанон аспабы қазіргі Осетияда ұмыт бола бастады. Ежелгі суреттеріне қарап, қолөнер шеберлері әзірлеп жүр.

Алғаш болып аспапты қалпына келтіре бастаған Сослан Моураов осы іске өмірінің басым бөлігін арнады деуге болады. Кейін ол өзге шеберлерді үйрете бастады. Олардың қатарында опера әншісі, ұлттық аспаптар дайындау шебері Тимур Илаев бар. Сақталған суреттер мен сызбаларға қарап отырып, Тимур екі жыл дегенде дуадастанонды қалпына келтіре алды. Көшірмесі түпнұсқасынан аумайды.

фото: Фатима Абаева

Тимурдың өз шәкірттері бар. Жастарды өз халқының мәдениет тарихына жетелеу мақсатында Алла Таучелова тағы бір ежелгі аспап – үш ішекті далафандырда ойнағысы келетіндерді тегін үйретеді.

Болашақта Алла балаларға дуадастанонда ойнауды үйретпек ниетте.

«Бұл аспапты игергендер көп емес, ­ ­– дейді ол.  – Үні де ежелгі дәуірді елестетеді. Өткенге саяхат жасауға, ата-бабамызға рух берген ежелгі дәуір үнін естуге үлкен мүмкіндік».

Регина Кумаритова