ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген official-дың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары

Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген official-дың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары

Dimash World Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген official-дың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары

Қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген official-дың әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары

Димаштың Инстаграм, Ютуб, Твиттер, Фейсбук және Вэйбода ресми аккаунттары бар. Әншінің өмірін және оның жаңалықтарын DimashNews.com. сайтынан оқи аласыз.

Димаш Құдайбергеннің ресми Instagram парақшасы

Instagram табиғаты бойынша визуалды мазмұнға арналған. Мұнда орындаушы өзінің фотосуреттері мен бейнежазбаларын жариялайды, отбасымен, достарымен және әріптестерімен өткізген сәттерімен бөліседі, музыкалық қана емес, күнделікті өмірін де көрсетеді.

Сонымен қатар, әншінің парақшасына жазылу арқылы сіз оның кәсіби қызметіндегі жаңалықтары мен хабарландыруларын қадағалай аласыз. Димаштың ресми Instagram-парақшасына төмендегі сілтеме арқылы жазылуға болады. https://www.instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайбергеннің Фейсбуктегі ресми парақшасы

2021 жылдың 9 қаңтарында Димаш өзінің Фейсбуктегі жаңа аккаунтын жариялады. Әншінің көптеген жанкүйерлерінде ескі парақшасына не болғаны туралы сұрақтар туындады? Техникалық ақаулық салдарынан бұрынғы аккаунт өкінішке орай, қалпына келмеді. Осыған байланысты жаңа парақша ашу туралы шешім қабылданды.

Мұнда сіз қызықты фотосуреттер мен бейнежазбаларды көре аласыз және алдағы болатын барлық оқиғалардың жаңалықтары мен хабарландыруларынан хабардар бола аласыз.

Димаштың жаңа ресми фейсбук-аккаунтына осы сілтеме арқылы жазыла аласыз https://www.facebook.com/dimash.official.dq.

Димаш Құдайбергеннің ресми Ютуб-арнасы

Димаштың ресми Ютуб-арнасы 2017 жылдың 27 қазанында құрылды. 2020 жылдың қараша айында арнаға жазылушылар саны миллионнан асты.

Әншінің ресми музыкалық бейежазбаларын, концерттер, трейлерлер, хабарландырулар және тағы басқаларын оның YouTube арнасына жазылу арқылы бірден көруге болады https://www.youtube.com/c/DimashKudaibergenDQ/featured.

Жаңалықтарды жіберіп алмас үшін қоңырауды басуды ұмытпаңыз.

Димаш Құдайбергеннің Твиттердегі ресми парақшасы

Димаштың Твиттердегі ресми аккаунты 2012 жылдың наурыз айынан бастап жұмыс істейді. Оны қазақстандық орындаушы әр түрлі тілде жүргізеді.

Мұнда әнші музыкалық бейнежазбалардың сілтемелерімен бөліседі, оқырмандарын мерекелермен құттықтайды, аудиториямен сөйлеседі. Димаш Құдайбергеннің Твиттер-дегі ресми парақшасына мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://twitter.com/dimash_official

Димаш Құдайбергеннің Weibo-дағы ресми парақшасы

Weibo (Вейбо) – Твиттерге ұқсас Қытайдағы танымал әлеуметтік желі. Мұнда қысқа хабарламалар, фотосуреттер, бейнежазбалар, аудио, сондай-ақ онлайн-трансляциялар жариялауға болады.

Вейбода жеке аккаунтыңыз болмаса да, сіз басқа пайдаланушылардың жазбаларын көре аласыз. Дегенмен, танымал платформаның басқа қызметтерін пайдалануға және жазбалар қалдыру үшін сіздіңіз тіркелуіңіз қажет.

Димаштың Вейбодағы ресми аккаунтына жазылу үшін сілтемеге өтіңіз: https://m.weibo.cn/u/6081887607

Димаш Құдайберген жаңалықтарының ресми веб-сайты

Қазір сіздер оқып отырған осы мақаланың соңында әнші жаңалықтарының веб-сайты – DimashNews туралы сөйлесетін боламыз.
Ресурс ең алдымен орындаушының және оның фандомы – Dears жаңалықтарына, сондай-ақ, ауқымды тақырыптарға -мәдениетке, тарихқа, туризмге арналған.

Dimashnews сайтында Музыка және өнер әлемінің жаңалықтарын білуге, Қазақстанның және басқа елдердің дәстүрлерімен танысуға, қазақстандық орындаушының жанкүйерлерінің қызықты әңгімелерін оқуға болады.

Оқырмандарға ыңғайлы болу үшін Димаш Құдайбергеннің веб-сайты үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Егер сізде қызықты әңгімелер, сұрақтар немесе ұсыныстар болса, сіз әрқашан біздің press@dimashnews.com-ға хат жаза аласыз.

Біздің ақпараттық порталымыздың соңғы жарияланымдарын жіберіп алмас үшін Instagram және Facebook-тегі dimashnews ресми аккаунттарына жазылыңыз.

https://www.instagram.com/dimash.news
https://www.facebook.com/dimashnews/

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...