ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінің...

Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті

Dimash World Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалінің гала-концертінде өнер көрсетті

11 шілдеде Қазақстанның Алтай тауларының етегінде «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» фестивалі халықаралық гала-концертпен аяқталды.

Катонқарағай ауылының үлкен сахнасында өткен бұл кеште түркі халықтарының сан ғасырлық тарихы заманауи мәдениетпен үйлесімді үндестік тапты.

photo: Adil Asqar

Қазақстанның Халық әртісі, өзіндік музыкалық жобаларымен танылған Димаш Құдайберген бір концерттік бағдарлама аясында әртүрлі стильдер, жанрлар мен тілдердегі бірнеше туындыларды шебер түрде тоғыстырды.

photo: Adil Asqar

Бұл кеште «Olimpico» мен «Ave Maria» шығармаларының неоклассикалық әуені «Golden», «Smoke» және «Weekend» композициялары ерекше үйлесім тапса, ал “Люблвь уставших лебедей»,, «Ұмытылмас күн», «Махаббат бер маған» әндері мен Димаштың авторлық «Самал» шығармасы (Нұржас Садырбаевтың орындауында) адам жанының сан қырлы сезімдерін әсерлі әуенмен өрнектеді.

Димаш пен оның аспапшылар, бишілер және вокалистерден құралған шығармашылық ұжымы фестивальге келген қонақтарға қазақ халқының ұлттық болмысын, рухани кеңдігі иен музыкалық мұрасының байлығын кеңінен таныстырды. Фестивальге әлемнің 30-ға жуық елінен делегациялар қатысса, Димаштың жанкүйерлері Индонезия, Өзбекстан, Әзербайжан, Чехия, Германия, Франция, Польша және басқа да мемлекеттерден арнайы келді.

photo: Adil Asqar

Осы кеште алғаш рет сахнада қазақтың халық әні «Aqerke» заманауи өңдеуде орындалып, көрерменге жол тартты.

Сондай-ақ Димаштың композитор әрі продюсер ретіндегі шығармашылық қолтаңбасымен жаңа тыныс алған, өткен жаздың хит-парадтарында көш бастаған «Тау ішінде» әні мен тыңдарманның ерекше ықыласына бөленген «Дүрдараз» шығармалары, «Stranger» композициясындағы қобыздың сырлы үні және рок стилінде орындалған «Адай» күйі фестивальдің қорытынды концертіне айрықша көркемдік сипат пен жарқын серпін сыйлады.

photo: Adil Asqar

GALLERY

photo: Adil Asqar

Соңғы жаңалықтар

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...