ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Испанияда Димаштың жанкүйерлері мен қазақ диаспорасы өкілдерінің кездесуі өтті

Испанияда Димаштың жанкүйерлері мен қазақ диаспорасы өкілдерінің кездесуі өтті

Dears Испанияда Димаштың жанкүйерлері мен қазақ диаспорасы өкілдерінің кездесуі өтті

Испанияда Димаштың жанкүйерлері мен қазақ диаспорасы өкілдерінің кездесуі өтті

Мадридте Димаш Құдайбергеннің испаниялық фан-клубы мүшелері мен қазақ диаспорасының өкілдері бас қосты. Кездесу барысында қатысушылар өнер иесінің шығармашылығын, оның қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде дәріптеудегі рөлін, сондай-ақ Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін талқылады.

Іс-шараны Испаниядағы қазақ диаспорасының президенті Гульнара Гульча ұйымдастырды. Кездесуге кәсіпкер, Cob House және Audiotheatre Almaty жобаларының теңавторы Диляра Мажитова, сондай-ақ қазақ-испан бірлескен «La Tregua» («Бітім») көркем фильмінің продюсерлері Жарасхан Кульпиенов пен Алия Далабаева қатысты.

Кездесу барысында испаниялық Dears қауымдастығының мүшелері Димаштың шығармашылығымен қалай танысқандары және оның өнері арқылы Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық дәстүрлеріне деген қызығушылықтарының артқанын туралы айтып берді. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, гитараның сүйемелдеуімен ән орындап, сүйікті әншілерінің шығармаларын бірге тыңдады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер испаниялық жанкүйерлердің қазақ мәдениетімен жақынырақ танысуына мүмкіндік беріп қана қоймай, Димаштың шығармашылығы тоғыстырған жандардың өзара тәжірибе алмасып, мәдени байланыстарды дамытуына ықпал ететін маңызды алаңға айналып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...