ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген әлемге әйгілі продюсер әрі...

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады

Dimash World Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен...

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген екі дүркін Грэмми сыйлығының иегері, әлемге әйгілі продюсер әрі композитор Уолтер Афанасьевпен алғашқы туындысын ұсынады.

Маэстро Афанасьев Уитни Хьюстон, Барбра Стрейзанд, Мэрайя Кэри, Селин Дион, Лара Фабиан, Рики Мартин, Леона Льюис, Savage Garden сынды әлемдік жұлдыздармен серіктес ретінде культ әндердің авторы және продюсері болды:

— «I’m Your Baby Tonight» — Уитни Хьюстон;
— «Without You», «Dreamlover» — Мэрайя Кэри;
— «Bleeding Love» — Леона Льюис;
— «She Bangs» — Рикки Мартин;
— «Crash and Burn» — Savage Garden;
— «A New Day Has Come» — Селин Дион;
— «You’re Not From Here» — Лара Фабиан;
— «My Heart Will Go On» — Селин Дион.

Ол сондай-ақ фильмдер мен мультфильмдерге саундтректер жазды: «Сұлу қыз пен құбыжық», «Аладдин», «Геркулес», «Оққағар».

Оның жетекшілігімен халықаралық авторлар ұжымы Димаштың «Love’s not over yet» атты жаңа әнін ұсынады.

Премьерасы 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда, ал бейнеклип Димаштың YouTube арнасында жарияланады.

LOVE’S NOT OVER YET PRE-SAVE

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...