ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Ригада жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді жылы қарсы алды

Ригада жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді жылы қарсы алды

Dears Ригада жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді жылы қарсы алды

Ригада жанкүйерлер Димаш Құдайбергенді жылы қарсы алды

6 наурыз күні Латвия астанасының әуежайынан жанкүйерлердің қуанышты эмоциясы мен шаттыққа толы даусы естілді. Көпшілік Димаш Құдайбергеннің әндерін қосыла шырқады. Осылайша әншіні тыңдармандары жылы қабылдады.

Жанкүйерлердің жүздері балбұл жанып, көздерінен қуаныш пен бақыттың табы байқалады. Өйткені олар бұл концертті асыға күткен еді, сүйікті әншілерін көруді армандаған болатын.

Бұл күні мұнда Латвиядан ғана емес, бүкіл Еуропадан өнерсүйер қауым көп жиналды. Қолдарында жалаулар, түрлі-түсті плакаттар, гүлдер мен сыйлықтар бар. Әуежайдан нағыз мерекелік атмосфераны көруге болады.

Димаш ұшақтан түсіп келе жатқанда, жанкүйерлер оны сүйікті әндерінің бірі «Дайидау» әнімен күтіп алды. Оған көпшіліктің жылы да шынайы қабылдауы қатты әсер етті, әнші бұл көріністен керемет күш-қуат алғанын да жасырмады.

Қазіргі таңда концертке қызу дайындық жүріп жатыр. Димаштың қойылымы бүгін «Рига-Арена» сарайында өтеді. Аталған зал Латвия астанасындағы ең ірі заманауи құрылымдардың бірі екенін айта кеткен жөн.

Сарайдың сыйымдылығы 10 300 адамға арналған. Бұл стадион 2006 жылы салынып, салтанатты жағдайда ашылған болатын. Аты аңызға айналған «Динамо Рига» хоккей клубы осында жаттығады.

Сонымен қатар, әйгілі әлемдік жұлдыздардың концерттері «Рига-Аренада» жиі өткізіліп тұрады. Одан кейін аренада стандартты стендтерден басқа, жабық лоджиялы амфитеатрлар бар. Бұл жағдайда стадионның сыйымдылығы 14 500 адамға дейін артады.

Аренада Pink, Kylie Minogue, EltonJohn, Depeche Mode, Metallica және Rammstein сияқты көптеген танымал әншілер өнер көрсеткен. Бірнеше сағаттан кейін Димаш Құдайберген де осында концерт қояды.

Соңғы жаңалықтар

Бір кеңістіктен екінші кеңістікке саяхат: Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарадағы DIMENSIONS шоуы

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...