ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World SCI Димашқа АҚШ президентін инагурациялау рәсімінің алғашқы аптасында өнер...

SCI Димашқа АҚШ президентін инагурациялау рәсімінің алғашқы аптасында өнер көрсететіні үшін алғыс білдіреді

Dimash World SCI Димашқа АҚШ президентін инагурациялау рәсімінің алғашқы аптасында өнер көрсететіні үшін алғыс...

SCI Димашқа АҚШ президентін инагурациялау рәсімінің алғашқы аптасында өнер көрсететіні үшін алғыс білдіреді

Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала және SCI іс-шарасының тең төрағасы Кристина Варнке Димашқа АҚШ-тың сайланған президентін инагурациялау апталығына қатысқаны үшін алғысын білдіретін бейнежолдауын жазды.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қаңтарда Димаш Құдайберген 2021 жылдың 17 қаңтарында Америка Құрама Штаттарында сайланған президент Джо Байденнің инаугурациясына арналған SCI ’іс-шарасында өнер көрсетеді деп жарияланды.

Дәстүрлі түрде іс-шараны 1956 жылы АҚШ – тың 34-ші президенті Дуайт Д.Эйзенхауэр құрған бауырлас қалалардың халықаралық қауымдастығы — sister Cities International өткізеді.

Бүгінгі таңда SCI әлемнің 130-дан астам еліндегі 2500-ге жуық қаланы біріктіреді. Жыл сайын ұйымға мүше мыңдаған азаматтар достықты нығайту, мәдени өзара түсіністікті тереңдету және бүкіл әлем бойынша демократия ілгерілету мақсатында ақпарат пен идеялар алмасады.

«Димаш, сізге ынтымақтастығыңыз үшін, бүкіл әлем бойынша адамдарды біріктіретін көпірге айналған керемет дауысыңыз бен талантыңыз үшін үлкен рахмет», — деді Sister Cities International бас директоры Лерой Аллала.

SCI іс-шарасының тең төрағасы Кристина Варнке өз кезегінде Лерой Аллал мен Димаш мырзаға олардың жұмысы мен өз істеріне деген адалдығы үшін алғыс айтты.

Кристина Варнке музыкантқа арнаған сөзінде оған іс-шараға қатысқаны үшін алғысын білдіре отыра, барлығының бұл оқиғаны асыға күтетіндерін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...