ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World "Славян базары-2021" конкурсына қатысушылардың жеребесі тартылды

«Славян базары-2021» конкурсына қатысушылардың жеребесі тартылды

Dimash World "Славян базары-2021" конкурсына қатысушылардың жеребесі тартылды

«Славян базары-2021» конкурсына қатысушылардың жеребесі тартылды

16 шілдеде Илья Репиннің «Здравнёво» мұражай-үйінде «Славян базары» ХХХ өнер фестивалінің қатысушыларына жеребе тарту рәсімі өтті.

И. Е. Репиннің «Здравнево» мұражайы Витебскіден он алты шақырым жерде, аты аңызға айналған суретшінің иелігінде орналасқан.

Дәл осы жерде, 1892 жылдан 1900 жылға дейін Илья Репин сегіз жазғы маусымын өткізіп, қырықтан астам полотнолар, эскиздер мен суреттер салған.

Жеребеге атақты өнер өкілдері — қазылар алқасының мүшелері: итальяндық әнші және музыкант Мишеле Пома, Молдованың халық әртісі Константин Москович, ресейлік әнші және композитор Сергей Пенкин, Украинаның халық әртісі Таисия Повалий, «Ottawan» тобының солисі Патрик Жан-Батист және қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қатысты.

Конкурсқа қатысушылар фестиваль эмблемасы бейнеленген кәдесый қораптарындағы  нөмірлерді және барлық орындаушылар байқауының жеңімпаздарының жазбалары жазылған флэш-картаны алды. Таңдалған нөмір вокалдық сайыстың екі күнінде де бірдей болады.

Байқау бағдарламасын Украина өкілі Рената Штифел ашады. Қазақстандық әнші Рухия Байдукенова сегізінші ретпен өнер көрсетеді.

Барлық қатысушылар жеңіске жетуге бел буып, өз дауыстары мен қойылымдарын көрермендер мен қазылар алқасын бағындыру үшін бар күш-жігерін салып көрсетуге дайын.

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...