ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық Тараздық вокалист Baqytty Bala-2021 жеңімпазы атанды

Тараздық вокалист Baqytty Bala-2021 жеңімпазы атанды

Басты жаңалық Тараздық вокалист Baqytty Bala-2021 жеңімпазы атанды

Тараздық вокалист Baqytty Bala-2021 жеңімпазы атанды

Ақтөбеде Baqytty Bala вокалдық конкурсы жоғарғы деңгейде, ерекше энергетикамен мәреге жетті. Бас жүлдені Тараздан келген он үш жасар Айлун Заушева жеңіп алды. 

Тараздық Айлун Заушева Baqytty Bala-2021 жеңімпаз

11 тамызда Baqytty Bala-2021 балалар вокалдық байқауының жабылуына орай Гала-концерт өтті. Оған 6 елден 19 бала қатысты. Ақтөбедегі Өнер орталығында өткен салтанатты шарада байқаудың қорытындысы жарияланды.

100 мың теңге жүлде алған дипломанттар:

  1. Ислам Қыстаубай, Ақтөбе
  2. АлинурХамзин, Орал
  3. Тимур Тян, Қызылорда
  4. Махинұр Тұрсынова, Алматы
  5. София Салвариду, Греция, Салоники
  6. Дильнара Мусина, Ақтөбе
  7. Мейрамбек Шалқарбай, Түркісан
  8. Анна Глотова, Ресей, Екатеринбург
  9. Амина Құрбанова, Атырау
  10. Ақнұр Нұржанова, Нұр-Сұлтан
  11. Кристина Душутина, Украина, Киев.

III орын мен 250 мың теңге сыйлыққа ие болғандар:

  1. Есет Алжанов, Нұр-Сұлтан
  2. Искандер Гасанзаде, Әзірбайжан, Баку
  3. Камила Ғазизқызы, Нұр-Сұлтан.

Есет Алжанов Нұр-Сұлтан
Есет Алжанов, Нұр-Сұлтан. Baqytty Bala-2021

350 мың теңге мен ІІ орынның иегерлері:

  1. Армен Саакян, Атырау.
  2. Милана Пономаренко, Ресей, Мәскеу.

I орын  Болгаряның Софи қаласынан келген Элизабет Захариеваға бұйырды, сондай-ақ 500 мың теңге сыйлық табысталды.

Бас жүлде мен 1 миллион теңгені тараздық жас өнерпаз Айлун Заушева қанжығасына байлады.

Тараздық Айлун Заушева Baqytty Bala-2021 жеңімпаз
Айлун Заушева, Тараз. Baqytty Bala-2021

Байқау барысында бұдан өзге де арнайы сыйлықар қарастырылған болатын.

Қазақ эстардасының мэтрі Ұлықпан Жолдасовтың сыйлығы Әзірбайжаннан келген Искендер Гасанзадеге берілді. Бакудің жас өнерпазына Ұлықпан жолдасып, авторлық ән жазып, өңдеп береді.

Искендер Гасанзаде Әзірбайжан Баку
Искендер Гасанзаде, Әзірбайжан, Баку. Baqytty Bala-2021

Түркістаннан келген Мейрамбек Шалқарбай «DimashAli» продюсерлік орталығының атынан сыйлық жасалды. Димаш Құдайбергеннің  саунд-продюсері Ерлан Бекчуриннің өзі оған ән жазып, өңдеп беретін болады.

Грециядан келген София Сальвариду мен украиналық Кристина Душутина

«Славян Базары» фесивальінің Гран-При иегері Рухия Байдукенованың атынан берілген 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен «Халықаралық шекара» номинацясының иегерлері атанды.

Қазақстан Республикасының мәдениет минисрлігі атынан арнайы  қаысушыға сый табысталды. Атыраулық Амина Құрбановаға «Астана Опера» студиясы ән жазып береді. Қызылордалық Тимур Тянның әніне бейнеклип түсіріледі. Ал ақтөбелік  Ислам Қыстаубай дарынды  балалар мекебінде тегін білім алу  мүмкіндігіне қол жекізді.

Dear-арнайы сыйлықар да бар. Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Екатеринбургтен келген Анна Глотова мен оралдық Алинұр Хамзинаға 100 мың теңгеден табысттады.

Baqytty Bala-2021 байқауындағы ең қалаулы марапат  Димаш Құдайбергеннің сыйлығы. Әншінің жеке концертін тамашалауға және онымен бір сахнада ән салу мүмкіндігіне жолдаманы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Адель Кұнадилова жеңіп алды. Олтуралы матералды DimashNews сайтынан оқи аласыздар.

Соңғы жаңалықтар

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...

Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген қызығушылық француздық жанкүйерлер Надин Пьерро мен Садрин Байи үшін Қазақстанмен жақынырақ танысуға, сондай-ақ екі ел...

Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері болды

29 тамызда Қарағанды қаласының Жаңа алаңында Кеншілер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өтті. Аталмыш шарада мыңдаған қала тұрғындары мен...