ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Түркия Димаштың қонақтарын күтіп алуда – Ыстамбулда Dears-тың дәстүрлі...

Түркия Димаштың қонақтарын күтіп алуда – Ыстамбулда Dears-тың дәстүрлі кездесуі өтті

Dears Түркия Димаштың қонақтарын күтіп алуда – Ыстамбулда Dears-тың дәстүрлі кездесуі өтті

Түркия Димаштың қонақтарын күтіп алуда – Ыстамбулда Dears-тың дәстүрлі кездесуі өтті

Димаш Құдайбергеннің Стамбулдағы мерейтойлық концерті қарсаңында Dears-тың дәстүрлі кездесуіне 41 елден әншінің жанкүйерлері жиналды.

Іс-шара бағдарламасы бауырлас екі ел – Түркия мен Қазақстанды байланыстырды. Музыканттардың өнері, жазу, би, сән, ағаштан аспаптар жасау өнері – бәрі де екі елдің мәдениетінде сүйіспеншілік пен құрметке ие болды.

Мерекелік кеште Сердар Шенгүл, Седат Солакоглу, Кан Өзмелек сияқты музыканттар өнер көрсетті.

Көрермендер түріктің дәстүрлі халық билерін де, қазақтың домбыра аспабы өнерін де жылы қабылдады.

Чилиден келген Андреа домбыра тартып, алған әсерімен бөлісті:

«Бұл кеш менің Dears-қа арналған алғашқы кешім болды. Маған әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлермен кездесу өте керемет әсер сыйлады. Барлық Dears-тың бір арада жиналғанын көру таңқаларлық керемет жәйт болды. Ал, маған Димаштың жанкүйерлері үшін домбыра тарту өте ұнады».

Сондай-ақ, концертке алыс елдерден жанкүйерлер де ұшып келді. Нью-Йорктік Таня Янг 2018 жылдан бері әншінің жанкүйері екенін айтып, Димашты туған күнімен төмендегіше құттықтады:

«Мен Димашты Құдай берген таланты мен даралығы үшін жақсы көремін. Ол біздің әлемімізді өзінің махаббатымен, музыкасымен және адамгершілігімен сұлуландыра түседі. Оның керемет дауысы жер шарының түкпір-түкпіріне жетіп, әрбір жанның жүрегін жаулап алуын тілеймін!».

Ал, Димаштың Оңтүстік Африкадан келген жанкүйері Ивонна өзінің Dears отбасында 8 жыл бойы болғанын және Ыстамбұлдағы концертке оның сегізінші рет қатысқанын айттып өтті.

«Біз оны кедергілер мен шекараларды еңсерген жас жігіт, ерекше тұлға ретінде бағалаймыз! Ол шын мәнінде сүйіспеншілікке толы жүрегі бар, махаббат, бейбітшілік, бірлік және мейірімділік құндылықтарын сақтай алған феноменальды әртіс», — деп өз пікірімен бөлісті Ивонна.

Димаштың жанкүйерлері бір-бірімен өнерлерін ортаға салды — қазақстандық Dear Рашид Әбдіжаппаров пее Dear Арай өздерінің нөмірлерімен қуантса, чилилік Маргарита Лобос халық биін орындап, ал чилилік Андреа домбырада ойнады. Димаштың «Ұмытылмас күн» атты баршаның сүйіктісіне айналған әнін мексикалық Dear Лео Кантро орындады. Лоренаның Fashion Show жобасы кешке ерекше көңіл-күй сыйлады.

Pre-party-дың арнайы қонақтары Димаштың ұстазы Марат Әйтімов, актер әрі әнші Нұрлан Өнербаев және Димаштың ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар болды.

2019 жылдан бері Димаштың жанкүйері болып келе жатқан британдық Джилл Бичем кездесуден алған әсерімен былайша бөлісті:

«Мен Ыстамбұлда өткен pre-party-ге қатысып, Димаштың ұстазы Марат мырзамен кездестім, сонымен қатар Света ханым мен Қанат мырзаны, оның ата-анасын көру бақытына ие болдым. Олардың барлық адамдарға деген сүйіспеншілігін сезініп, ерекше әсерде болдым».

Үш жыл бұрын Габриэльдің ұлы Димаштың музыкасымен таныстырған Лас-Вегастық Нэнси бұл концерттен не күтетінін білмейтінін, бірақ Димаштың ұмытылмас әсер қалдыратынына сенімді екенін түртіп айтқан болатын.

Достар! Димаштың мерейтойлық концертіне қош келдіңіздер! Стамбулдағы «Бешикташ» стадионында кездескенше!

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...