ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық «Түркістанды көргім келеді»

«Түркістанды көргім келеді»

Басты жаңалық «Түркістанды көргім келеді»

«Түркістанды көргім келеді»

14 маусымда Turkistan телеарнасы Түркістан облысы әкімдігімен бірлесіп, жеңімпаздары Қазақстанның рухани астанасында ұмытылмас 3 күн өткізетін байқау жариялады.

Тарихы 2 мың жылға жуық киелі Түркістан қаласы Қазақстанның да, бүкіл Орталық Азияның да ең маңызды тарихи және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Дәл осы қала Ұлы Жібек жолының маңызды нүктесі болды, Қазақ хандығының астанасы болды және осы күнге дейін бүкіл түркі әлемінің рухани орталығы болып қала береді.

Мұнда керемет сұлулығымен әлемнің түкпір – түкпірінен туристерді тартатын қаланың басты назар аударарлық орны болып табылатын Ұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Бүгінгі таңда кесене ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген.

14 маусымда Turkistan телеарнасы Түркістан облысы әкімдігімен бірлесіп, қасиетті қаланың сұлулығын өз көзімен көруге мүмкіндік беретін байқау жариялады.

Байқауға қатысушылар Түркістанды неге көргісі келетінін айтып, бір минуттық бейне түсіріп, оны Instagram-дағы парақшасында #түркістандықөргімкелді хештегімен жариялауы қажет.

Қызықты бейне дайындаған 5 қатысушы келесі-екінші кезеңге өтеді. Үздік бейне baiqau.turkistan.tv аудиторияның дауыс беруі арқылы сайтта анықталады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді келесі сілтеме бойынша беру қажет: https://baiqau.turkistan.tv/?page_id=199

Екінші кезеңге өткен жеңімпаздар Fly Arystan әуе компаниясының ұшағымен Түркістанға ұшып келеді және Rixos Turkistan 5 жұлдызды қонақ үйінде тегін тоқтайды. Одан кейін «Көne» арнайы туры – Қазақстанның рухани астанасының бүкіл тарихы арқылы өтетін маршрут күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Кокс-Базардағы мәжбүрлі қоныс аударушылар лагеріне барды

18 мамыр күні гуманитарлық миссиямен Бангладешке келген БҰҰ-ның көші-қон мәселелері жөніндегі Жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген Бангладештегі мәжбүрлі...

Димаш Құдайберген БҰҰ агенттігі – ХКҰ жаһандық ізгі ниет елшісі ретінде гуманитарлық миссиямен Бангладешке келді

2026 жылғы 17 мамырда БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген гуманитарлық миссия аясында Кокс-Базар өңіріне келді. Кокс-Базар...

Димаш Құдайберген Ыстанбұлда өтетін VIII Этноспорт мәдениет фестиваліне қатысады

23 мамыр Димаш Құдайберген Ыстанбұл қаласында өтетін VIII Этноспорт мәдениеті фестивалі аясында өнер көрсетеді. Аталмыш іс-шара Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының ұйымдастыруымен...

Латын Америкасының бес елінен келген жанкүйерлер бірлескен музыкалық жоба ұсынды

Димаш Құдайберген шығармашылығының Латын Америкасындағы жанкүйерлері, яғни Чили, Бразилия, Мексика, Коста-Рика және Сальвадор елдеріндегі Dears «Fire» атты жаңа музыкалық...

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері жаңа туған нәрестелерге арналған қайырымдылық акциясын өткізуде: «Мейірімге толы қолдар, бұйымдар мен жылы сезімдер»

Димаш Құдайбергеннің туған күні қарсаңында Астанадағы DQ Dears Astana жанкүйерлері мен Димаш Құдайбергеннің Еуразиялық фан-клубы және Dimash Ukraine Dears...