Ұлы жібек жолының інжу-маржаны туралы жаңа деректі фильм

992

Белгілі режиссер Владимир Тюлькиннің «Түркістан – кеше, бүгін, ертең» деп аталатын деректі фильмінің таспасы аяқталуға жақын.  Жоба 2020 жылдың соңында көпшілікке ұсынылады.

SONY DSC

«Түркістан: кеше, бүгін, ертең» жобасы Ұлы Жібек жолы өткен Қазақстанның ежелгі қалаларын қамтиды.  Жібек жолының кеуені өткен шаһарлардың сауда-саттықа бет бұруы, дамуы туралы баяндалады.

Деректі фильмде ежелгі дәуірдің аты аңызға айналған ғұламасы Қожа Ахмет Яссауи ескерткішіндегі қазба жұмысы арқылы ел тарихы қамтылады. Яссауидің есімі Түркістанның даңқын ел аумағы ғана емес Орта Азия аумағына таралуына ықпал етті.

Екі бөлімнен тұратын фильмнің түсірілімі өткен жылдың желтоқсан айында басталды. Картинаны жасаушыларға Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің археологтары мен ғылыми қызметкерлері және ірі кесенелердің өкілдері көмек көрсетті.

Түсірілімге қалалық және облыстық сәулет бөлімінің қызметкерлері де белсене үлес қосты. Олардың көмегімен  фильм авторлары мәдени және әлеуметтік эпизодтарды  қамтып үлгерді.

«Түркістан: кеше, бүгін, ертең» деректі жобасының қоюшы – режиссер, ақын, сценаристі Владимир Тюлькин. Қазіргі уақытта мәдениет мәселелерін қамтитын  «Абай ТВ» телеарнасы деректі фильмге арналған бағдарлама дайындауда.