COVID-19-ға қарсы 66 сурет

937

Әлемнің танымал фотографтары өз жұмыстарын қайырымдылық аукционына шығарды. Олардың мақсаты – «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымына қаражы жинап, үлес қосу.

Фото: The Pack Cattle Ranch in the heart of the Pantanal, Brazil

The Guardian хабарлағандай, пандемия кезінде оқшаулануға мәжбүр болған әлемнің түкпір-түкпірінен келген 17 фотограф өз туындыларын аукционға салды. Сондай-ақ бұл шараға әріптестерін де шақырып, бірлесе іс атқаруды ұйғарды. Аукционнан түске қаржыны коронавируспен күреске жұмсамақшы.

Фото: Time For Peace

Бұл идеяны көптеген фотографтар бір ауыздан қолдады. Жоба бастамашыларын қуантқаны да осы. Қайырымдылық аукционына 42 автордың 66 жұмысы қойылды. Оның ішінде Ян Берри, Джейсон Белл, Том Стоддарт және Пол Лоу бар.

Фото: Love Your Job

Түскен қаражат «Шекарасыз дәрігерлер»медициналық гуманитарлық ұйымының COVID-19 қарсы күрес қорына берілетін болады. Акция 15 қарашаға дейін жалғасады.

Фото: Wild Horses

«Соңғы онжылдықта инвесторлар фотография өнеріне қолдау танытуға ден қоя бастады. Әлемдегі өтке маңызды дертпен күресуге өз үлесімді қосып, әлемдегі ең мықтыфотографтардың басын біріктіріп, жұмылдыру мен үшін үлкен мәртебе«, – деді Джеймс Льюис, лоттар алаңына айналған Bamfords аукцион үйінің бас директоры.