«Morricone Segreto». Атақты итальяндық композитор о дүниелік болған соң жарық көрген алғашқы альбом несімен қызықты?

681

Заманауи саңлақтың 27 композиция мен ерекше рух  берер туындысы көпті елітті. Осы жылдың шілде айында өмірден озған Морриконе жанкүйерлері шын өнер иесінің таспасын сыйлыққа алды.

«Morricone Segreto» баспасы альбомды «Decca Recordsи CAM Sugar» деп атады. «Құпияға толы, психологиялық беймәлім» маэстроны таныстырады.

Таспада 27 композиция бар. Морриконе шығармашылығын сүйіп тыңдайтындар оның жетеуімен алғаш рет танысады. Беймәлім композициялар 1960-1980 жылдары аралығында жазылған және түбегейлі өңделмеген туынды еді. Композитордың баласы Андреа Морриконе жарыққа шыққан туындыларды «керемет» деп бағалады.

«Бәрі де маңызды тарихи дерекке негізделген. 1970 жылдары үлкен ізденіс кезі болды. Көбі зерделенді, ой елігінен өткізілді. Әкемнің жауһар дүниелері әртүрлі кезекті қамтыған деп ойлаймын», – деді Андреа.

Эннио Морриконе 2020 жылдың 6-шілдесінде 92 жасында өмірден озды. Атақты композитор екі рет «Оскар» премиясын және үш рет «Алтын глобус» жүлдесін алды.

Морриконе өз өмір жолында 400 фильмнің музыкасын жазды. Ол атақты Роман Полански, Оливер Стоун, Брайан Де Пальма, Майк Николс, Джон Карпентер, Барри Левинсон, Терренс Малик секілді режиссерлармен жұмыс істеді.