ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

Dears Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли Жан Кинг кубогы” – жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен ттеннисшілер қатысатын әйелдер арасындағы ең ірі спорттық жарыс.

Биыл матч Қазақстан мен Жапония құрамалары арасында өтті. Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева, Жібек Құламбаева, Аружан Сағандықова, Анна Данилина, Зарина Дияс пен жапон спортшылары Нао Хибино, Май Хонтама, Наоми Осака, Эна Шибахара, Шуко Аоямамен сайысқа түсті.

Өткен айда жапондық Dears, Чили мен Аргентинада латынамерикалық жанкүйерлерімен бірге Қазақстан құрамасын белсенді қолдаған Димаштың жанкүйері Кармен Сандовалдан хат алды. Кармен жапон фан-клубына бүкіл халықаралық Dears қауымдастығы атынан қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетуді жалғастыра беру үшін эстафета жолдаған.

«Біз Қазақстанды жақсы көреміз», — деп Димаштың жанкүйерлері өз сезімдерін білдірді. «Қазақстан командасына басқа қазақстандық жанкүйерлермен бірге қолдау көрсету біз үшін қызықты әрі бізді ерекше шабыттандырды.

Билли Жан Кинг кубогы Жапония теннисінің киелі саналатын Токиодағы Ariake Coliseum-да өтті. Біз Қазақстан құрамасын қолдауға шақырту алғанымыз үшін қуаныштымызда шек жоқ. Барлық Dears Қазақстан туының түсіне сәйкес келетін жейделерді киіп, әнұранды шырқады. Сүйікті Димаштың жерлестерін қолдауға бәріміз жиналдық. Қазақстандықтар «DQ» жазуы мен қолымызға ұстаған шарларды көргенде, жапондықтардың бұл матчқа Қазақстанды қолдау үшін келгенін бірден түсініп, бізге ризашылықтарын білдірді. Алға Қазақстан!»

Соңғы жаңалықтар

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...