ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Жүрекке жететін музыка»: Димаш Женева қаласына барды

«Жүрекке жететін музыка»: Димаш Женева қаласына барды

Dimash World «Жүрекке жететін музыка»: Димаш Женева қаласына барды

«Жүрекке жететін музыка»: Димаш Женева қаласына барды

2023 жылдың 6 қарашасында Димаш көпжақты саясат пен дипломатияның орталығы болып саналатын Женева қаласында болды. Женевада әртіс Біріккен Ұлттар Ұйымының Женева бөлімшесінің басшысы Татьяна Валовамен кездесті.

Димаш Нью-Йорктен кейінгі БҰҰ-ның екінші маңызды резиденциясы — Ұлттар сарайында болып, Женева кітапханасы мен БҰҰ мұрағаттарындағы өнер туындыларымен, тарихи құжаттар мен объектілермен, сондай-ақ көпжақты сессиялардың жұмысымен танысты.

Кездесу барысында Димаш Ұйымға қолдау білдірді, шығармашылық жоспарларымен бөлісті, белгілі тұлғалардың жалпы адамзаттық құндылықтарды ілгерілетуде және бейбітшілік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетуде атқара алатын ерекше рөлін атап өтті. Димаштың айтуынша, сөздердің әсері тоқтаған кезде музыка адамдардың жүрегіне жетеді.

 

Сонымен қатар, Димаш Уилсон сарайында — БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасында және Халықаралық көші-қон ұйымының штаб-пәтерінде кездесулер өткізді. Бұдан басқа, Димаш Қазақстанның Женевадағы БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің қызметкерлері мен отбасы мүшелерімен кездесті. Тұрақты өкіл Еран Әлімбаевпен кездесу барысында Женева алаңындағы Қазақстан жұмысының бағыттарымен танысты.

 

Соңғы жаңалықтар

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...