Димаш Құдайбергеннің қатысуымен «Dimash Manga» ресми жобасының тұсауы әншінің 26 жасқа толуы қарсаңында 24 мамырда кесілген болатын. Ресейде әзірленген «Жапон мангасында» Димаш басты рөлді сомдайды. Шілде айының басында интернет-дүкендерде комикстің онлайн және баспа нұсқаларына бүкіл әлемге жеткізу арқылы тапсырыс беруге болады.
Димаштың Жапониядағы фан-клубы «DJFC» «Dimash Manga» командасының мүшесі, жобаның Жапониядағы ресми өкілі және жапондық SNS аккаунтының жауапты адамы Хидемару Сатомен сұхбат жүргізген болатын.
«Сәлем, Dears, Сіздермен танысқаныма қуаныштымын!
Менің есімім Хидемару Сато, мен Жапониядағы «Dimash Manga» жобасын басқарамын.
Меніңше, ойламаған жерден SNS аккаунтын көргендеріңіз күтпеген жағдай болды деп ойлаймын. Кеш танысып жатқаныма кешірім сұраймын. Манга барлық жанкүйерге ұнауы үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмын. Сізге көп рахмет!».
◆ Өмірбаяны
Хидемару Сато 1986 жылы Саппоро, Хоккайдода өмірге келген.
Университетте орыс тілін оқығаннан кейін, екі жыл Мәскеуде жұмыс істеген.
Қазірде Хидемару өзіне жұмыс істейді, негізінен ресейлік компанияларда кеңесші ретінде дәріс оқиды.
Оның сүйікті ісі – жеке дара саяхаттау және төрт жастағы ұлымен ойнау.
– Хидемару, Сіз кішкентай кезіңізде қандай манга оқыдыңыз? Сіз қандай бала болдыңыз?
– Бала кезімде «Doraemon» оқығанды жақы көретінмін, сонымен бірге «Koro Koro Comic» журналының мангаларын оқыдым. Кезінде ол өте танымал болатын, ал мен сыныптастарымнан қалып қойғым келмейтін. Сонымен бірге, бір күні ата-анамның кітап сөресінен тауып алған «Barefoot Gen» және «Blackjack» кітаптарын оқып шықтым. Бала кезімде мен көп оқитын едім. Сыныптастармен әзілдескен ұнайтын, үнемі өзіме назар аударғанды қалайтынмын.
– Жасөспірім шағыңызда оқыған мангаңыз бар ма? Қайсысы ерекше ұнады?
– Көбінесе «Kochikame» мангасын оқыдым. Менің жасөспірім, өтпелі шағым болатын. Оы манганың кейіпкерлері тартымды, кейде тіпті дөрекі болғаны үшін ұнайтын. Сонымен бірге, комикстердің арқасында Токионың көкпен таласқан билік үйлерден ғана тұрмайтынын, кедей аудандарында да адамдар тұратынын білдім. Менің алдымда алғаш рет «Edokko» концепті пайда болды (Саппорода тұрғып жтқанымда Эдода (Токионың бұрынғы атауы) дүниеге келген бала туралы).
– Ал Сіздің сүйікті аниме-сериалыңыз бар ма? Онда Сізге не ұнайды?
– Меніңше, ол да мангаға ұқсас, алайда, «Slam Dunk-қа» келіңкірейді. Егер жеңілсең, ойыннан шығып қалатыңымды түсіндім. Меніңше, ондағы лайндар мен көріністер қашан еске алсаң да, әрдайым өзекті. Маған сонымен бірге, «WANDS» тобы орындайтын басты ән ұнайды.
– Сіздің сүйікті толықметражды анимеңіз бар ма? Сізге қай бөлімі ұнайды?
– Маған «Алыс мұхиттан Ку» (1993 ж) атты толықметражды картина ұнайды. Онда Фиджиден қоныс аударған теңіз биологы мен оның баласы туралы баяндалады. Бір күні қатты дауыл салдарынан динозаврдың баласы жағаға шығып қалады, биологтың баласы оның үйіне алып келіп, Ку деген есім береді. Жануар алпыс бес миллион жыл бұрын өліп кеткен плезиозаврдың ұрпағы болып шығады. Мұнда оңтүстік аралдарының романтикаға толы өмірін көрсетеді. Маған оқиғаның өкінішпен аяқталатыны қатты әсер етті. Бұл аниме теледидардан көрсетілмеді, кинотеатрдан көрдім, кей тұстарын телефоныма жазып алдым. Осы анимені көргеннен кейін болашақта оңтүстік аралдарда дельфиндердің қасында өмір сүргім келетін. Алайда, бүгінде мүлдем басқа жақта, Ресейде жұмыс істеп жүрмін.
– Ал Сіз сёдзе-манга туралы не ойлайсыз? (Әйелдер аудиториясына арналған манга). Осы жанрда сурет салатын суретшілерді білесіз бе?
– Әрине, Наоко Такеучиді айтар едім, әйгілі «Сейлор Мунның» авторы. Менің қыз бауырларым көп, сондықтан, сёдзе-мангамен бала кезімнен жақсы таныспын. Айтпақшы, «Сейлор Мун» Ресейде де өте танымал. Менің ойымша, қатарымның дені бала кезінде соны көрген сияқты. Ресейлік аниматорларға ықпалы зор.
– Ал Сіз «Союз 24» манга суретшілері туралы білесіз бе? («aHana no 24 nen gumi»)?
– Мото Хагио жазған «the family Po» туындысын оқып шықтым. Оны бір туысымнцң үйінен тауып алғанмын. Есімде, оқып болған соң керемет әсерде болдым. «Союз 24» – расымен де сёдзе-манга жанрының толыққанда негізін қалаушылардан тұратын керемет суретшілер тобы.
– Жапония ұлы манға өндірушісі, отаны. Біз, жапондықтар, манга туралы барлығын білеміз. Шын пікіріңізді айтыңызшы, Димаш туралы манганың жапон комикс нарығына шығу болашағы туралы не ойлайсыз?
– Жапон нарығында бір ғана манга жұмысымен бәсекеге түсу оңай емес, сондықтан, бұл ретте Димаштың танымалдылығы арта түсу керек, сонда ғана манганың да танымалдылығы арта түседі. Егер Димаш Жапонияда белгілі деңгейде мойындалса, жоба синергетикалық тиімділікке ие болуы мүмкін.
– Қазіргі таңда қандай да бір манга оқып жүрсіз бе?
– Иә. Қазірде «Ғарыштық ағайындар» мангасын оқып жатырмын. Онда өз арманыңызға жету жолында еркін адам екеніңізді түсінесіз, позитивті ой түйесіз. Сонда ғана өмірің бақытты әрі мағыналы болады.
– Сіздің сүйікті мангакыңыз (манга суретшісі) және неліктен?
– Осаму Тезука. Бұл кісі заманауи манганың негізін қалаушы. Онсыз Димаш жайлы манга жасау мәселесі қарастырылмаған да еді. Сонымен бірге, оның салған суреттеріне қарап отырып, фильм көріп отырғандай немесе роман оқып отырғандай күй кешесің. Жұмыстарының кереметтігі сондай. Меніңше, оқырманға әсер қалдыратын жазушы көп емес.
– Димашты алғаш естігенде қандай жайтты бастан өткердіңіз?
– Бірінші рет Димаштың «SOS» әнін естідім. Жұмыс бабымен ақпарат алу үшін қосқан едім, алайда тыңдаған кезде… орындаушының қайталанбас вокалды қабілетіне тәнті болдым. Біраз уақытқа дейін есеңгіреп отырдым. Мангада Димаштың дауысы өзге өлшемдегі дұшпанның дауысына тойтарыс беретін болады. Мен бұрын ешқашан мұндай дауыс естімедім. Оның кең вокалды диапазоны керемет. Оның дауысы жүректерді тербейтін секілді. Оның үстіне, Жапонияда мұндай орындаушылық қабілеті бар басқа әнші жоқ, ал ол небары 26 жаста. Әншінің болашағы зор екеніне сенімдімін!
Мақала мен фотосуреттер: DJFC
Димаш Манга ресми әлеуметтік желілердегі парақшалары:
Instagram: https://instagram.com/Dimash.Manga
Facebook: https://facebook.com/dimash.manga.drs/
Twitter: https://twitter.com/DimashManga
YouTube: https://youtube.com/c/dimashmanga
Telegram: https://t.me/dimash_manga
ВКонтакте: https://vk.com/dimash.manga
Одноклассники: https://ok.ru/dimash.manga
Tik Tok: https://tiktok.com/@dimash.manga