ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Санкт-Петербургте өткен концертте Индонезиядан келген жанкүйерімен алғаш...

Димаш Құдайберген Санкт-Петербургте өткен концертте Индонезиядан келген жанкүйерімен алғаш рет дуэтпен ән шырқады

Dimash World Димаш Құдайберген Санкт-Петербургте өткен концертте Индонезиядан келген жанкүйерімен алғаш рет дуэтпен ән...

Димаш Құдайберген Санкт-Петербургте өткен концертте Индонезиядан келген жанкүйерімен алғаш рет дуэтпен ән шырқады

Қазақстандық танымал әртіспен бірге жанкүйер «Ұмытылмас күн» әнін орындады.

Айрықша даусымен әлем жұртшылығын тамсандырған Димаш Құдайберген

Индонезиядан келген жанкүйерімен дуэтте алғаш рет ән шырқады. 29 қараша күні Санкт-Петербургтегі концертте Димаш Орал Байсеңгірдің сөзіне жазылған өз туындысы «Ұмытылмас күн» әнін Римар есімді индонезиялық фанатымен бірге орындады.

Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында Димаш өзінің «Ұмытылмас күн» деген әнін қыз жанды даусымен орындап, әлеуметтік желілерде жариялаған болатын.

«Мен алғаш рет 2017 жылы Димашты Adagio әнін орындаған кезде көрдім. Содан бері мен оның жанкүйерімін. Димаш мені ерекше шабыттандырады. Оның әндері жанымды өзгеше күйге бөлейді. Мен Димашқа хат жолдап, Санкт-Петербургтегі концертіне барғым келетінім туралы жаздым, жауап ретінде мен онымен сахнада ән айтуға ұсыныс алдым. Біз бірге репетиция өткізген жоқпыз және импровизация жасай алатынымыз әбден мүмкін еді. Бір-екі күн бұрын ғана орындайтын әнімізді таңдадық. Бұл менің өмірімдегі алғашқы үлкен сахна. Мен қатты қобалжулымын. Десе де, өзімнің кумиріммен бір сахнада ән саламын деген ой маған сенімділік пен шабыт берді», — дейді индонезиялық ару.

Римардың үлкен аудиторияның алдында толқып, қобалжығанына қарамастан, аты аңызға айналған әншімен дуэті тамаша болды, ал залдағы бүкіл көрермен бұл әнді қосылып шырқады.

Соңғы жаңалықтар

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...