ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Қазақстан азаматтары қандай елдердің киімін киіп жүр?

Қазақстан азаматтары қандай елдердің киімін киіп жүр?

Әлем Қазақстан азаматтары қандай елдердің киімін киіп жүр?

Қазақстан азаматтары қандай елдердің киімін киіп жүр?

DimashNews Baribar.kz әріптесінің мақалаcымен бөлісуде.

Қазақстанда киім-кешек өндірісі арта түскенімен жергілікті жеңіл өнеркәсіп ішкі нарық сұранысын түгел өтей алмай келеді. Азаматтар Ресей, Қытай мен Түркиядан келетін өнімді көбірек киеді.

Қазақстанда былтыр 42,34 миллиард теңгенің киім-кешегі өндірілген, бұл 2018 жылдың 12 айымен салыстырғанда 19,8% көп (35,34 миллиард теңге). Инфляцияны ескергенде өнеркәсіп өндірісінің нақты өсімі 8,2% болды.

Energyprom.kz мамандарының хабарлауынша, киім-кешекті негізінен үш өңір өндіреді: Алматы облысында былтыр 9,51 миллиард теңгенің өнімі өндірілген, 2018 жылы өндіріс 6,07 миллиард теңге болған, Алматыда 6,08 миллиард теңгенің киім-кешегі шығарылған, бір жыл бұрын көрсеткіш 5,56 миллиард теңге болды. Киім-кешек өндіретін үшінші ірі өңір – Шымкент, былтыр 4,76 миллиард теңгенің өнімі өндірілді, жергілікті кәсіпорындар 2018 жылы 3,73 миллиард теңгенің киім-кешегін өндірген.

Алматы облысына Қазақстанда 2019 жылы шығарылған киім-кешектің 22,5%-і, Алматыға 14,4%-і, Шымкентке 11,2%-і тиесілі.

Киім-кешектің ішінде трикотаж бұйымдар 2018 жылғыдан 85%, шұлық 43,6%, баскиім 36,9%, жануар терісінен жасалған киім 27,2%, свитер-жемпір және басқа да киім 21,2% көп өндірілген.

Елімізде киім-кешек өндірісі артқанымен ішкі нарықта отандық өнімге деген сұраныс өте аз. 2019 жылдың 11 айында сыртқы киім бойынша нарық сұранысының 1,9%-ін, ішкиім бойынша 1,1%-ін, сәбилер киімі бойынша 0,4%-ін, свитер-жемпір бойынша 2,1%-ін ғана Қазақстан компаниялары өтеген. Қазақстан кәсіпорындары өндіретін шұлық қана өтімдірек – былтыр 9% сұраныс болған.

2019 жылы қаңтар-қараша аралығында Қазақстанға 576,1 миллион доллардың (55,4 мың тонна) киім-кешегі импортталды. Сома бойынша бұл 2018 жылдың 11 айындағыдан 17,8%, киім-кешек салмағы бойынша 59,5% көп.

Қазақстанға киім-кешек Ресей мен Өзбекстаннан, Қытайдан, Түркия мен Бангладештен көп келеді.

Energyprom.kz зерттеушілерінің мәліметінше, 2019 жылы елімізде киім-кешек бағасы 7,1% өскен. Ерлер киімі 7,3%, әйелдер киімі 6,7%, балалар киімі 7,6% қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...