ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Құрметті, Dears, біз cіздердің хикаяларыңызды күтеміз!

Құрметті, Dears, біз cіздердің хикаяларыңызды күтеміз!

Dears Құрметті, Dears, біз cіздердің хикаяларыңызды күтеміз!

Құрметті, Dears, біз cіздердің хикаяларыңызды күтеміз!

Құрметті оқырмандар!

Біздің ақпараттық-танымдық сайтымыздың оқырмандарының көпшілігі Димаш Құдайбергеннің шығармаларын сүйетіндер мен әншіге құрметпен қарайтындар екенін білеміз. Димаштың даусы бәрімізге ұнайды, енді біз Сіздердің де үндеріңізді естігіміз келеді. Сайт ұжымы оқырмандарының ішінде өнер, туризм тақырыптарын білетін және өзі тұратын елдің тарихы туралы өте мазмұнды әңгімелер айтатын адамдар бар деген сенімде. Сіздің еліңізде қалыптасқан мәдениеттің, әдебиеттің, руханияттың ерекшеліктерін көрсететін кез келген қызықты деректер болуы әбден мүмкін. Мәселен, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, халық ырымдары, жоралғылар, мерекелер және басқалар.
Айталық, біз жақында Димаштың құрметіне ағаш отырғызып, оны орманға айналдырып, жасыл алқапты «Димаш орманы» деп атағысы келетін түркиялық Dears туралы қуанышпен жазып, жарияладық. Бұл оқиға барысынан Димашқа деген ыстық ықыласты аңғарасыз, ағашқа деген құрметті, Түркияға деген құштарлықты байқайсыз. Біз ең жақсы оқиғалар арқылы бүкіл әлемге оқырмандарымыздың бірегейлігін, құрметті Dears-ты көрсеткіміз келеді!
Өздеріңіздің ең қызықты шығармаларыңызды, түсірілімдеріңізді, жазбаларыңызды өз тіліңізде жолдаңыздар. Біз қуанышпен қарсы алып, мейлінше жауап қатуға тырысамыз. Сүйікті әншіңізбен тығыз байланыс орнатуға септесеміз.
Сіз кез келген шығармаңызды «Менің әдемі туындым» деген айдармен редакцияның электронды мекен-жайына жібере аласыз: press@dimashnews.com. Сіздің фотосуреттеріңіз, сондай-ақ сипатталған оқиғалар орнындағы фотосуреттер қоса қабылданады. Назар аударыңыз, кері байланыс үшін деректер қалдыруды ұмытпаңыз — электрондық пошта мекенжайы немесе телефон нөмірі.
Біз ең қызықты оқиғаларды жаңалықтар сайтында жариялайтынымызға қуаныштымыз.

Сіздерге деген құрметпен, Редакция.

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің...

Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген қызығушылық француздық жанкүйерлер Надин Пьерро мен Садрин Байи үшін Қазақстанмен жақынырақ танысуға, сондай-ақ екі ел...